Қоғам

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ОҚУ-СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

«DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі мен «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен медицина қызметкерлеріне республикалық оқу-семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты заңдардағы жаңа өзгерістер, соның ішінде ҚР 19.04.2024 жылғы № 72-VIII Заңымен, ҚР Қылмыстық Кодексінің 317 бабына толықтырулар мен өзгерістер енгізу негізінде Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан туындаған іс-әрекеттерге қылмыстық, әкімшілік-құқықтық, азаматтық-құқықтық тәртіптік жауапкершіліктері тақырыптарын қамтып, медицина қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, іс-тәжірибемен бөлісу және тарату болып табылады.

Іс-шараға «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев, «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасы Әлиакпар Матишев, «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының кеңесші-консультанты Елжан Біртанов, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Медициналық құқық мәселелерін зерттеу институтының жетекшісі Талғат Жұмағазин, «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сакен Катбаев, облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарының бас дәрігерлері және медбикелер қатысты.

Семинарда өз кезегінде сөз алған Айдар Бахтыбаев: «Бүгінгі атқарылып отырған іс-шараның маңыздылығын айта отырып, осы іс-шараның негізгі мақсаты қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Бүгінде Кәсіподақтар федерациясы екі миллионға жуық кәсіподақ мүшелерінің ғана емес, Қазақстанның барлық еңбекшілерінің мүддесін алға тартуда. ҚРКФ төрағасы бас кеңесте биылғы жылды «Лайықты еңбек жылы» деп жариялады. Ондағы мақсат – ол адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтай отырып, лайықты еңбек жағдайларын жасау. Сол себепті, Халқымыздың денсаулығын сақтау саласында аянбай еткен еңбектеріңізге алғыс айта отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп биік белестерді бағындыра беріңіздер деп тілеймін» – деді.

Семинар соңы марапаттау миссиясымен жалғасып, онда денсаулық сақтау саласында үздіксіз еңбек еткен ақ халатты абзал жандарға салалық кәсіподақтың Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

Қатысты жаңалықтар

ШАРДАРА: АРДАГЕРЛЕР БАС ҚОСЫП, АЛҚАЛЫ ЖИЫН ӨТКЕРДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: АССАМБЛЕЯ ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІ ЖАҢА ТУҒАН СӘБИЛЕРГЕ ДОМБЫРА СЫЙЛАДЫ

azatmedia

Ләйлә Сұлтанқызы: «Күнде жылаймын»

azatmedia