Қоғам

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ: Білім нәрін, тәрбие-тәлім берген

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қайнар ауылы, М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш пәнінің мұғалімі Шорабекова Үміт Әбіләзімқызы.Бастауыш сынып мұғалімі мамандығы мен қоғамдық жұмыстарды қатар алып жүрген Үміт Әбіләзімқызының жеткен жетістіктері айтарлықтай елеулі. Кәсіподақ ұйымы жұмыс беруші жұмыс күшіне қатысты әр түрлі мәселелерді шешуде сенімді серіктесі деуге болады. Үміт Әбіләзімқызы ұжымда еңбек тәртібін орнатуға, қызметкерлердің өз міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарауына көмектеседі. Еңбек дауларын болдырмауды қадағалайды. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбек заңнамасының орындалуына әсер ететін мәселелерді шешуге, жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктерін сақтауға және жүзеге асыруды басты назарында ұстайды. Жұмыс барысындағы келеңсіз оқиғалардың алдын-алуға да септігі мол. Сондықтан ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалын қалыптастырып одан әрі дамытуға кәсіподақ ұйымының тиімді жұмыс жасауына үлес қосып келеді.Жаңартылған білім негізінде мектептің тәлімгері болып көптеген семинарлар мен коучинг сабақтарды үнемі өткізіп отырды. Білім беру саласында озық технологияларды игеру барысында ата-аналардың ойынан шығып, оқушыларға және мұғалімдерге жаңа технологиялар әдістерімен білім беріп келеді.Үміт Әбіләзімқызы 1991 жылы Жетісай педагогикалық училищесін бастауыш пәні мұғалімі мамандығын бітіріп, Қайнар ауылындағы М.Әуезов атындағы мектепке жұмысқа қабылданады. 2003 жылы Шымкент Әлеуметтік педагогикалық Университетін сырттай оқып, бастауыш пәні мұғалімі мамандығы бойынша диплом алады. 1991-жылдан бастап аталған мектепте үздіксіз еңбек етіп келеді. Педагог – зерттеуші. 2017 жылдан бері аталған мектепте бастауыш кәсіподақ комитетінің төрайымы. М.Әуезов атындағы білім беретін мектебінде 33 жылдан бері қажымай, талмай еңбек етіп келе жатқан білікті мұғалім.2023 жылы бастауыш кәсіподақ төрағаларын қайта сайлауы өтті. Мектеп ұжымы бір ауыздан Үміт Әбіләзімқызын қайта сайлады. Бірқатар ұстаздар кәсіподақтың жасап жатқан жұмыстарына ризашылықтарын білдірді. Көптеген жасалған іс-шараларды жұмыс беруші және комитет мүшелерімен бірлесе отырып, талқылап шешімін тауып келеді.Негізгі мамандығы мен қоғамдық жұмыстарды қатар алып жүрген Үміт Әбіләзімқызының жетістіктері мол.2013 жылы «Жаңашыл мұғалім» аудандық мұғалімдер сайысының 1-орын жеңімпазы атанды.2013 жылы ең алғашқы Жаңартылған білім жүйесінің үш айлық курсын оқып, алған білімімен әріптестерімен бөлісті.2014 жылы Жаңартылған білім жүйесінің Тренерлік курсын оқып, әріптестеріне коучинг сабақтар өтті.2015 жылдан бастап Ордабасы ауданының бастауыш әдістемелік кабинетінің жанынан құрылған шығармашылық топ және комиссия құрамы мүшесі болып келеді.2021 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласында білім жетілдіру курсын оқыды.2019 жылы 4 «А» сынып оқушысы Абдулла Шұғыла әдебиеттік оқу пән олимпиадасының 1-орын жеңімпазы атанды.2022 жылы «Жас дарын» республикалық зияткерлік олимпиадасынан екі оқушысы Пердехун Иманали мен Дәрібай Алихан 2-орын жеңімпазы атанды.2021 жылы Түркістан облысы, білім беруді дамыту орталығы «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапаттады.2022 жылы «Білім шыңы» қоғамдық бірлестігі «Құрметті ұстаз» төсбелгісімен марапаттады.2021 жылы Республикалық «Ел құрметі» қоғамдық қорының атынан өз саласына қосқан сүбелі үлесі үшін «Тәуелсіздік» төсбелгісімен марапаттады.2023 жылы «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауында 1-дәрежелі Дипломмен марапатталды.2023 жылы «Дарын» республикалық білім беру орталығынан 2-дәрежелі Дипломмен марапатталды.2023 жылы «Зерде» республикалық шығармашылық зерттеу жұмыстарының конкурсының аудандық кезеңінен 2-орын оқушысы Шүкірқасым Ақтілек марапатталды.2023 жылы Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының 2-орын жеңімпазы атанды.2023 жылы Республикалық «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының Білім саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен» марапатталды.Білім берудің заманауи жүйесі оқытудың инновациялық түрлері мен әдістерін енгізу педагогика қызметкерлерінің тұлғасы мен кәсіби құзіреттілігіне, білім беру мазмұнына жоғары талаптар қояды. Қазіргі таңда заман талабына сай ғылым мен білім, техниканың жетістіктерін білім беру саласында жүзеге асыру бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне айналып отыр.Ұлы Абайдың «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» деген сөзі уақыт өткен сайын негізділігі артып келеді. Қазақ елінің білімі мен жастары биік те бақытты елге айналуына септігін тигізеді.Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Оқуға құштар мектеп» жобасына әрбір оқытушы өз үлесімізді қосуымыз керек.Елдің болашағын, шәкірттердің дұрыс білім алуын, ұстаздардың мәртебесінің алға жылжуына қажымай, талмай еңбек етуіміз керек. 

Қатысты жаңалықтар

Мұқтаждық па, масылдық па?

azatmedia

Несие шырғалаңы

azatmedia

Бос уақыттың пайдасы мен зияны бар

azatmedia