Жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының бастауыш кәсіподақ ұйымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша семинар өтті.

Семинардың мақсаты: еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.

Іс-шараға «Түркістан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев, Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлері кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев, мекеме басшысы Ағабек Абдиев және кәсіподақ активі қатысты.

Семинар барысында өндірістік жарақаттанудан, кәсіби аурушаңдықтан сақтану, өндіріс орнында тәуекелдерді азайту және қауіптерді жою үшін қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз ету маңыздылығы жөнінде сөз өрбіді.

Жиында өз кезегінде сөз алған Айдар Бахтыбаев еңбек қауіпсіздігі мен өндірістегі жазатайым оқиғалардың мәселесіне тоқталып, қатысушыларға еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау шаралары жайлы түсіндірме жасап, Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен 2024 жыл «Лайықты еңбек жылы» деп жариялануына орай еңбекті қорғау және еңбек мәдениетін көтеруде кәсіподақтар жұмысының әлеуметтік әріптестермен біріге жұмыс жасауы маңыздылығын ерекше атап өтті.

Бұдан басқа еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық және еңбек шарттарын сақтау, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын алу, жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша міндеттері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Одан өзге, Қазақстан Республикасы Заңнамалысына сәйкес әрбір қызметкер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес санитариялық-тұрмыстық жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге құқылы екені түсіндірілді.Сонымен қатар, кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары еңбек құқықтарын қорғау мәселесінде «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» жанынан құрылған «Татуластыру орталығы» және «Заң клиникасы»-ның жұмысына тоқталып, қандай да бір мәселе төңірегінде заңгерлердің көмегіне жүгініп, тегін құқықтық кеңес алуға болатынын жеткізді. Осынау шаралар кәсіподақ мүшелері үшін қолға алынғанын айтып өтті.

Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға тиісті жауаптар берілді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖІГІТТЕР ГҮЛ ӨСІРІП, МИЛЛИОНЕР АТАНЫП ОТЫР

azatmedia

ҚИМЫЛЫ БАР ҚОҒАМДА ЖАЙЛЫ ТҰРМЫС ОРНЫҒАДЫ

azatmedia

Масыл болма, асыл бол!

azatmedia