Жаңалықтар

ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Бүгін, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті.

Жиынға салалық және жергілікті кәсіподақтардың төрағалары мен кәсіподақ активі қатысты.

Күн тәртібінде келесідей өзекті мәселелер қаралды:

1. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бастаған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының делегациясының 3-14 маусым аралығында Халықаралық еңбек ұйымының Женева қаласында өткен Халықаралық еңбек конференциясының 112-сессиясына қатысуы бойынша;

2. Басқа сұрақтар:- «Халық бюджеті 2024» кәсіподақ жобасын іске асыру бойынша;

– Лайықты еңбек жылы аясында бастауыш кәсіподақ ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі бойынша семинарлар өткізу;

– Облыс аумағындағы жасалған Ұжымдық шарттарға талдау жасау және олардың сапасы мен толтырылуы мәселелерін қарау;

– Өндірістердегі орын алған жазатайым оқиғаларына талдау жүргізу;- Қордаланған мәселелер бойынша кезекті Түркістан облысының Әлеуметтік әріптестік үш жақты комиссия отырысында қарауға ұсыныстар дайындау;

Кеңесте күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі ағымдағы жылдың 3-14 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бастаған делегацияның Халықаралық еңбек ұйымының ұйымдастыруымен Женева қаласында өткен Халықаралық еңбек конференциясының 112-сессиясы туралы сөз қозғап, қатысушыларды ондағы көтерілген мәселелермен таныстырып өтті. Өз кезегінде кеңес мүшелері Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының жыл сайын халықаралық деңгейде дәрежесінің өсіп жатқандығына Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Даулеталиннің зор үлес қосып жатқандығын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Бұдан басқа, күн тәртібінде көрсетілген 2-мәселе бойынша өңіріміздегі кәсіподақ саласын дамытудың маңызды басымдықтары мен міндеттері айтылып, облыс аумағындағы кәсіпорындарда өндірістік жарақаттардың алдын алу мен еңбек заңнамасын түсіндіру бойынша кәсіподақ мүшелеріне семинарлар өткізу, өңіріміздегі жасалған Ұжымдық шарттарға талдау жасау және олардың сапасы мен толтырылуы мәселелерін талқыға салып, кеңес барысында кәсіподақ төрағасы Бердіғали Өмірәлі қордаланған мәселелер бойынша алдағы облыстық үш жақты комиссия отырысында қарауға кеңес мүшелеріне ұсыныстарын дайындау үшін тиісті тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, «Халық бюджеті 2024» кәсіподақ жобасын іске асыру мәселесі қаралды. Кеңес мүшелері бұл ұсынысты толық қолдап, бірауыздан мақұлдады.Жиын соңы сұрақ-жауаппен аяқталды. 

Қатысты жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР АПТАСЫНА ЕКІ РЕТ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛУДА

azatmedia

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ БАЗЫНАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА ТЫҢДАДЫ

azatmedia

АССАМБЛЕЯ ЖАНЫНДАҒЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ – АРЫС ҚАЛАСЫНДА

azatmedia