Жаңалықтар

САУРАНДА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

САУРАНДА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ МӘЖІЛІСІ ӨТТІБүгін «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау Комиссиясы отырысы өтті. Мәжілісті партиялық бақылау комиссиясының төрағасы C.Оразбеков ашып, жүргізді.Мәжіліске Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, аудандық партия филиалының төрағасы С.Асылбеков, аудандық «Мансап» орталығының директоры А.Әуезов партия филиалы қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде 1 мәселе қаралды; «Мансап орталығы»ның кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы, оның ішінде мемлекеттік кайтарымсыз гранттар бойынша атқарылған жұмыстар туралы аудандық «Мансап» орталығы директоры А.Әуездің есебі.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Сауран аудандық «Мансап» орталығы директоры А.Әуездің баяндамасы:2023 жылы грант бойынша 100 адам жоспарланган, I-лек бойынша 20 адам, II- лек бойынша 30 адам, III- лек бойынша 50 адамға грант берілді. Жалпы бүгінігі таңға дейін жоспар толығымен орындалды. Бизнес бастау бойынша 971 адам оқуға өтініш білдірді. Оның ішінде комиссияның қарауына 626 адам өтініш білдіріп, комиссияның қорытындысы бойынша 100 адам қайтарымсыз грант иегері болып танылды.

Оның ішінде тіркелген жұмыссыздар және жеке кәсібі үш жылдан аспаған азаматтар қатысты. Оның ішінде мал шарушылығы-12 адам, Тамақ өнер кәсібі бойынша -29 адам, Қызмет көрсету саласы -8, Өсімдік шаруашылығы-4 адам, жеңіл өнер кәсіп-47 адам салалары бойынша өз кәсіптерін ашып жүргізуде.Әлеуметтік санттары бойынша Көп балалы отбасылар – 59, мүгедектігі бар азаматтар-21 азамат, мүгедек бала қараушы-12, Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы-7, Асыраушысынан айырылған -1 отбасы.Ауыл округтері бойынша1.Шорнақ а/о-16,2.Ескі Иқан а/о- 93.Үшқайық а/о-124.Қарашық а/о -195.Бабайқораған а/о- 56.Иассы а/о-57.Жаңа Иқан а/о – 108.Жібек жолы а/о-09.Оранғай а/о- 510Жүйнек а/о-611.Майдантал а/о -1112.Шаға а/о-235-жасқа дейінгі жастар -37 азамат алған , және гендірлік саясат бойынша 61- әйел азамат алган,ер азамат-39.

Партиялық бақылау Комиссиясының мүшелері аудан тұрғындары арасында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы арқылы, оның ішінде мемлекеттік қайтарымсыз грант иелерінің қаржыны мақсатсыз жұмсап жатқандығы туралы ой-пікірлер туындап жатқандығын айтты. Жоғарыда айтылған келеңсіз жағдайларды болдырмаудың нақты жолдары туралы ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда былтырғы жылы грант иелерінің жұмысын қосымша зерделеу мақсатында, шын мәнісінде кәсіп ашылып жұмыс жасап жатқандығын нақтылайтын арнайы жұмысшы топ құрылса, сонымен бірге ауданымыздағы 12 ауыл тұрғындары толық қамтылса, сондай ақ арнайы құрылған комиссия құрамы толықтай әр лекте жаңадан ауыстырылып тұрса деген нақты ұсыныстарын білдірді. Отырыс қорытындысы бойынша баяндамашылардың хабарламалары, Партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінің ұсыныс пікірлері назарға алынып, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру, тиісті мекелермен бірлесе жұмысты күшейту жөніндегі тиісті қаулы қабылдады.

Қатысты жаңалықтар

Шардарада 80 отбасы баспаналы болады

azatmedia

Масылдықтың түп себебі неде?

azatmedia

САУРАНҒА ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ КЕЛДІ

azatmedia