Жаңалықтар

Қоғамдық қабылдауда бірқатар мәселелер көтерілді

«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Сауран аудандық мәслихат төрағасы, аудандық мәслихат депутаты С.Байсбаев Оранғай ауылдық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға аудандық партия филиалының төрағасы С.Асылбеков, Сауран аудандық мәслихатының депутаты А.Жусупов қатысты. Әлеуметтік желіге жарияланған хабарландырудың ізімен кездесуге келген халықтың саны көп. Бірі әлеуметтік саланы, бірі инфрақұрылым, енді бірі ауыл шаруашылығы бойынша түйіні тарқатылмаған тақырыптарды қозғады. Сонымен, кездесуде көтерілген негізгі мәселелерге тоқталсақ.

Қабылдауға келген Г. Ибадуллаева Оранғай ауылында жаңадан ашылатын мекемелерге (Оңалту орталығы, 150 орындық мектеп) ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылса деген ұсынысын айтты. Сондай-ақ, ауыл тұрғыны А.Маханбетованы тұрақты жұмысқа орналастыруға көмек сұрады. Қабылдауға өз ұсынысымен келген Қосқорған елді мекені тұрғыны Ж.Қасимов ауылымызда небәрі 230 отбасы тұрады. Осы ауылға жабық стадион салынса, көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілуіне ықпал жасасаңыздар деді. Ауылдағы тұрғындардың ағаштарын суғару үшін артизан қазып берсе деген ұсынысын да жеткізді.Қабылдауда болған ауыл тұрғыны Д.Рүстемов балаларымыздың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жаңа мектеп көшесін жарықтандыру керек.

Осы мәселеге көмек көрсетуін сұрады. Сондай-ақ, Қосқорған су қоймасынан келетін латоктың шлюздері дұрыс қойылмаған, осы мәселені шешіп беруін сұрады.Қабылдауға келген келесі тұрғын С.Ахметов Оранғай ауылы тұрғындарының табыс көзі диханшылық,мал шаруашылық екендігін алға тартты.Қазіргі таңда ауылда мал бағып,малдың көбеюі ауыл тұрғындарына қолайсыздық тудырып жатқандығын айтты. Осы мақсатта артық малды бағу үшін сырттан жер бөлінсе деген ұсынысын жеткізді.Ж.Құдайбергенова ауылға балалар алаңшасы салынса деген мәселені көтерді.

Ауыл тұрғындарының мәселесін мұқият тыңдаған аудандық мәслихат төрағасы кездесуде көтерілген мәселелерді толық зерттеп, алдағы уақытта мәселелердің оңтайлы шешілуі бойынша заң аясында жұмыс атқаратындығын жеткізді.   

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ НӘТИЖЕСІНДЕ КӘСІП БАСТАУҒА НИЕТ БІЛДІРГЕН ЖАСТАР КӨБЕЙДІ

azatmedia

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ЖЕТІСАЙ ЖӘНЕ МАҚТААРАЛ АУДАНДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

САЙРАМДАҒЫ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ

azatmedia