Жаңалықтар

ЖАСТАРҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ШАҒЫН НЕСИЕ БЕРУ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтарын атап берген Жолдауында: «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді», — деді Президент.

Жаңадан кәсіп бастаушылар мен кәсіпкерлерді қолдау, жұмыссыздық мәселесін шешуде нақты қадамдар жасалады. Жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытудың жаңа мүмкіндіктері – жеңілдетілген несие берілмек.

Жастарды жұмыспен қамту тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қоғамның күн тәртібінен түспей келе жатқан өзекті мәселелердің бірі. Жалпы, жұмыссыз жүргендер жастардың қатарында орта арнаулы немесе жоғары оқу орындарын оқымаған, мамандығы жоқ жастар ғана емес, олардың арасында қос-қос дипломы барлар да аз болмай тұр.

Бұл жұмыстарды үйлестіруге Түркістан облысына 2,9 млрд. теңге қаржы қаралып отыр. Оған облыстың 594 жас азаматы қатыса алады.

ҚР Қаржы және Еңбек министрліктерімен үш жақты келісім шарт жасалып, «Аграрлық несие корпорациясымен» сенім білдірілген агент ретінде танылды. Сонымен қатар, облыстық комиссия құрамы нақтыланып, облыс әкімінің шешімімен бекітілген болатын. 2023 жылдың 2 мамырындағы жағдай бойынша Түркістан өңірінің түпкір-түкпірінен 81 жастың құжаты қабылданып, комиссия қарауына тапсырылған. Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәжіліс залында комиссия отырысы өткізіліп, шағын несие алуға үміткер 25 жастың бизнес-жобалары тыңдалды. Нәтижесі бойынша хаттама түзілуде.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АЙМАҚТЫҚ «АРАЙ-2023» БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ТҮЛКІБАСТАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫНА БАРДЫ

azatmedia

51 жастағы әйел өз немересіне жүкті болды

azatmedia