Жаңалықтар

ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ШАҒЫМДАРЫН ТЫҢДАДЫ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының алаңындағы кезекті қоғамдық қабылдау Түркістан облыстық әділет департаментінің басшысы Мұхит Бекетұлы Тұрғараевтың қатысуымен өтті. Азаматтардың нақты сұраныстары тыңдалған кездесуге партияның өңірлік филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев қатысты, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Департамент басшысының қабылдауына жазылған азаматтар өздерінің заңды құқықтарының қорғалуы бойынша сауалдарымен келіп, құқықтық тұрғыдағы кеңестер алды. Тұрғындар алимент өндіру мәселесімен байланысты сұраныстарын жеткізіп, адвокаттың заңсыз әрекеті бойынша шағымын айтты. Партияның өңірлік филиалы қоғамдық қабылдау барысында айтылған әрбір мәселені жіті назарында ұстап, орындалуын бақылайтын болады.

Мұхит Бекетұлының қабылдауына келген түркістандық тұрғын Назохат Атаметова бұрыңғы күйеуінен өндірілуі тиіс алименттің көлемі 4 млн. теңгеден асатынын айтып, істі жүргізуге жауапты жеке сот орындаушысының жұмысына қатысты шағымы бар екенін білдірді. Департамент басшысы азаматша көтерген мәселені мұқият тыңдап, жеке сот орындаушысы Т.Рустемовке бір ай мерзімде борышкерді тауып, алименттен құралған қарыз берешегін шағымданушының пайдасына өндіріп беруді талап етті. Бұл мәселе Түркістан облысы бойынша жеке сот орындаушылары палатасы басшысының орынбасары Ж.Қайдауловтың бақылауында болады.

Кентау қаласының тұрғыны Леонид Свамбаев адвокаттың заңсыз әрекетіне байланысты шағымын жеткізді. Азаматтың арызы бойынша тиісті мемлекеттік органдардың іс-қимылын партияның өңірлік филиалы өз бақылауына алып, үйлестіретін болды.Кәмелет жасына толмаған балаларын асырауға алимент өндіру мәселелері бойынша шағымдарын Шардара ауданынан Гүлзада Тұрғанбаева, Сарыағаш ауданының тұрғыны Мөлдір Сартаева, Ордабасы ауданынан Салтанат Әлмен білдіріп, олардың көтеріп жатқан мәселелерінің барлығы Түркістан облысы бойынша жеке сот орындаушылары палатасының айрықша бақылауына алынды. Облыстық әділет департаментінің басшысы сот шешімін орындаудан жалтарып отырған борышкерлермен нақты жұмыс жүргізуді тапсырды, заңда көзделген тәртіппен олардың жауапкершілігін арттыруды жүктеді. Көтерілген мәселелердің барлығы әділет департаментінің бақылауында болатынын ескертті.

Қатысты жаңалықтар

ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫНДА СУ, ЭЛЕКТР, ГАЗ ЖӘНЕ ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ ЖАЙЫ ҚАРАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА 33 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ МАҚТА ЕГІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА МАССИВТЕРГЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІ ТАРТЫЛУДА

azatmedia