Жаңалықтар

САУРАН: КЕЗЕКТІ ҚАБЫЛДАУ ҚҰМТҮЙІН АУЫЛЫНДА

Бүгін, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен, аудандық партия филиалының төрағасы С. Асылбековтың қатысуымен, аудандық мәслихатының депутаты С.Рысбеков Қарашық ауылдық округі, Құмтүйін елді мекенінде тұрғындарымен кездесіп, көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға ауыл әкімі С.Оразбеков, аудандық жол бөлімінің жауапты мамандары қатысты.

Құмтүйін ауылының тұрғындары ауылдағы күрмеуін таппай жүрген бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтар болсақ, ауыл тұрғыны Б.Жасыбаев жаңа мектеп салуға белгіленген жер ауылдың шетінен бөлінгендігін, мүмкіндік болса ауылдың ортасы Шүкірбаев көшесінен жаңа мектепке ыңғайлы жер бар екендігін айтып, мәселені қарап көруді ұсынды. Сондай – ақ,ауылды газдандыру бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқандығын сұрады.

Қоғамдық қабылдауға келген Ж.Истамкулова ауылдағы қоғамдық ақылы жұмыспен қамтылғандардың жалақылары үнемі кешіктіріліп беріліп жатқандығын, соның есебінен жұмысшылар несиелерін мерзімінде төлей алмай, үстінен үстеме ақы төлеуге мәжбүр екендіктерін жеткізді. Аталған мәселені бақылауға алуды сұрады.

Ауыл тұрғыны А.Мырзабекова Түркістан қаласы мен ауылдың ортасы не бәрі 7 шақырым жол. Алайда тиіп тұрған қалаға бару үшін құмтүйіндіктер сағаттап такси күтуге мәжбүр. Жаздың аптап ыстығы, қыстың суық кездері бұл жағдай қолайсыздық туғызады. Осы мәселені шешу үшін қоғамдық көліктердің жүруіне ықпал етсеңіздер екен деген өтінішін білдірді.

Қабылдауға келген О.Жекмырзаева ауылымызға былтыр, биыл жақсы көңіл бөлініп келеді. Биылдың өзінде 5 көшемізге асфальт төселіп, ауыл тұрғындары қуанышқа бөленіп жатыр. Алайда сол жолдардың жанынан жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жол салуды да ұмытпасаңыздар екен деді. Себебі ертең оқу жылы басталғанда оқушылардың, балдарымыздың қауіпсіздігіне алаңдаймыз деді.

Ауыл тұрғыны Қ.Мұнтасов көшедегі электр бағаналарын реттеуді ұсынды. Себебі жоғары кернеулі сымдар үйіміздің төбесінен өткен. Соларды ауыстырып беруге ықпал етсеңіздер екен деді.Жоғарыда аталған тұрғындардың өтініштеріне аудандық мәслихатының депутаты Сабит Дайрабайұлы алдағы уақытта мәселелердің оңтайлы шешілуі бойынша тиісті мекемелермен бірлесе отырып, заң аясында жұмыс атқаратындығын атап өтті. 

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтанушылар Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша сауалнама нәтижелерін ұсынды

azatmedia

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНІҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia