Жаңалықтар

ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША БЮРО ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін, «AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Отырысқа «AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық Саяси кеңес Бюро мүшелері, сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов, аудандық маслихат депутаттары С.Нарбаев және А.Жүсіпбаев, Қызылжар ауылдық округінің әкімі Ә.Рахымбердиев, Құркелес ауылдық округі әкімінің орынбасары С.Сүлейменова қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде: 1. «Ауыл аманаты» жобасы аясында атқарылған жұмыстар бойынша Құркелес және Қызылжар ауылдық округі әкімдерінің есептерін тыңдау. 2. «Жер Аманаты» жобасы бойынша 2023-2024 жылдары атқарылған жұмыстардың барысы жайлы. 3. Аудандық маслихат депутаттары С.Нарбаев және А.Жүсіпбаевтың 2023-2024 жылдары атқарған жұмыстарының есебін тыңдау.

Саяси кеңес Бюро отырысын «АМАNAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы Қ.Қыстаубаев жүргізді. Отырыстың күн тәртібі бойынша есеп берген аудан әкімінің орынбасарына, ауылдық округ әкімдеріне сайлауалды бағдарламаның жол картасы жоспарындағы іс-шаралардың жыл соңына дейін толық орындалуына жұмыс жасау керектігін төраға тапсырыды.

Сондай-ақ, Саяси кеңес Бюросының мүшелері аудандық маслихат депутаттары С.Нарбаевқа және А.Жүсіпбаевқа Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында бекітілген Жол картасындағы тиісті әрбір тармағының орындалуы, ауылдық округіндегі салынып жатқан құрылыс нысандарының аяқталған күніне дейінгі жұмыстарымен үнемі танысып отыруды, Партиялық жобалар аясында өткізілген іс-шаралары, қоғамдық қабылдауларды, депутаттық кездесулерді әлеуметтік желілерде жариялап отыруы жайлы қаулы қабылданып, бірнеше тапсырмалар берілді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 3 МЛН. ТОННАДАН АСТАМ КҮЗГІ ӨНІМ ЖИНАЛАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КЛИМАТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨШЕТТЕРДІҢ ЖЕРСІНУІ 50 % -ДАН АСПАЙДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕГІ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ САЙЛАУШЫЛАР БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР

azatmedia