Қоғам

КҮМБІРЛЕТЕ КҮЙ ШЕРТКЕН САРЫАҒАШТЫҚ МЕХРИБАН ГУСЕЙНОВА КӨПТІҢ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНІП ЖҮР

Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен өтетін этножурналистика саласында «ШАҢЫРАҚ» шығармашылық байқауы жарияланды.

Жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен барлық өңірлерде ел бірлігін сақтау жолында, ауызбіршілікті одан әрі дамыту ниетінде кеңінен қалам тербеп жүрген ақпарат құралдарының өкілдері арасында дәстүрлі түрде шығармашылық байқаулар өткізіліп келеді.

Байқаудың мақсаты – еліміздегі қоғамдық келісім және бірлік, этносаралық қатынастарды нығайту тақырыбында материалдар жариялап жүрген журналистерді ынталандыру және отандық этножурналистиканың дамуына ықпал ету.

Түркістан облысында қазақтың ұлттық аспабы мен өнеріне қызығушылық танытқан этнос өкілдері аз емес. Солардың бірі – Сарыағаш ауданы, Нұрлы жол ауылында тұратын түрік қызы Мехрибан Гусейнова.

«Ұлты басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір» дегеніміз осындай-ақ болар. Қазақтың қара домбырасын қадір тұтқан Мехрибан мектеп қабырғасында жүріп, аз уақытта қос ішекті аспапты меңгеріп алған. «Бір-бірінің тілін-тарихын білмейтін әр континенттің, әр этностың өкілдерін біріктіретін үлкен құбылыс – өнер. Музыка тілі барша әлемге ортақ», – дейді ол.

Мехрибан Құрбанқызы Сарыағаш қаласындағы Абу Али Ибн Сина жоғары колледжінің «Фармацевт» мамандығының 2020 жылғы түлегі. Қазіргі таңда қаладағы дәріханалардың бірінде өз мамандығы бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында сұлулық салонында бет әрлеуші болып қызмет көрсетуде.

Бүгінде бірнеше күйді орындап, өнерімен көпті тәнті етіп жүр. Өнерге құштарлық танытқан түрік қызының домбыраға деген сүйіспеншілігі зор.- Домбыра – ол ішкі сезімді бере алады. Мысалы, адам домбырамен сөйлемей-ақ көп нәрсені жеткізе алады. Құрманғазының, Динаның, Тәттімбеттің күйлері ұнайды, – дейді Мехрибан.

Қазақтың көне аспабын жанына серік еткен түрік аруы аудандағы мерекелік іс-шаралар мен байқауларда домбырамен өз өнерін көрсетіп, елдің алғысына бөленіп жүр. 

Қатысты жаңалықтар

Алматыда жезөкшелерді сабап, тонайтын екі ер адам ұсталды

azatmedia

«Тәуекел деп осы жолды таңдадым» – желі қолданушылары Кентау тұрғынына алғысын жаудыруда

azatmedia

Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері

azatmedia