Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЭТНОМЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ҮШКҮНДІК СЕМИНАР-ТРЕНИНГ БАСТАЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында «Этносаралық ортада қақтығыс көріністерінен бас тартуға бағытталған әлеуметтік қатынастарды дамыту арқылы медиация институтын дамыту» тақырыбында үшкүндік семинар-тренинг басталды.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған семинар-тренингте этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту, дау-дамайдың алдын алу бағытында келелі ойлар айтылды. Жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов модераторлық етті.

Алқалы басқосуға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, Этномедиация орталығы директорының орынбасары Фарида Мусатаева арнайы келіп отыр. Түстен кейін осы институттың Этномедиация орталығының директоры Луиза Узарова арнайы дәріс оқиды.Семинардың бірінші күніне аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, ауыл әкімдері мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің аудандық, қалалық филиалдарының басшылары қатысып отыр.

Жиында атап өтілгендей, этносаралық тақырыптағы резонанстық жарияланымдарды уақытылы анықтауға, сондай-ақ этносаралық алауыздықты насихаттауға және ксенофобияны көрсетуге мүмкіндік беретін авторларға қатысты профилактикалық және құқықтық шаралар қабылдауға бағытталған БАҚ және әлеуметтік желілердің мониторингі жүргізілуде. Нәтижесінде этносаралық алауыздықты насхаттауға және ксенофобияны көрсетуге мүмкіндік беретін авторлар бойынша алдын алу материалдары жариялануда.

Жиында спикерлер баяндама жасады, семинарға қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салуда.Алқалы басқосуда атап өтілгендей, Түркістан облысында этнос өкілдерінің қатысуымен болған құқық бұзушылық фактілері орын алған жағдайда құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс жүргізу алгоритмі түзіліп, бекітілген. Этнос өкілдерінің қатысуымен қандайда бір келеңсіз оқиға орын алған кезде жауапты мемлекеттік және құқық қорғау органдары соның негізінде әрекет етеді.

Еске сала кетсек, семинардың екінші, үшінші күндері аудан, қала прокурорлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Түркістан облысы бойынша Департаментінің аудандық, қалалық бөлімдерінің басшылары, аудан, қала әкімдері, полиция бөлімдерінің басшылары және мектеп директорлары, олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысады. 

Қатысты жаңалықтар

Сауран: Бюро отырысы өтті

azatmedia

СОЗАҚ АУДАНЫН ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНҒАН КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС ӨТТІ

azatmedia