Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МАҢЫНДА ЖАСЫЛ АЛҚАП ҰЛҒАЙЫП КЕЛЕДІ

Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды тапсырды, «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек», деген болатын.

Түркістан қаласын көгалдандыру, жасыл алқап көлемін ұлғайту, климаттық жағдайын жақсарту жұмыстары жалғасады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы салаға жауапты басшылармен бірге Түркістан қаласындағы «Жасыл аймақ» мекемесінің рекреациялық аймағына, ескі әуежай алқабына, орман тұқымбағына және техникалық базасына арнайы барды. Жұмыстарымен танысты.

Ескі әуежай аумағындағы алқаптың 450 гектарына сексеуіл егілген. Ал орман тұқымбағының көлемі 120 гектар болса, оның 6 гектарына тамшылап суғару жүйесі орнатылған. Қазіргі таңда орман тұқымбағында жалпы 41 түрлі ағаш-бұта көшеттері өсірілуде.

Рекреациялық аймақ – 167 гектар, оның 80 гектары тамшылау суғару жүйесі арқылы суғарылады. 208 мың түптен астам әр түрлі ағаш-бұталар өсіріліп жатыр. Техникалық базасында 81 дана арнайы және қосалқы 67 техника бар.

Аталған аумақтарда айлант, үйеңкі, шаған, қарағаш, жыңғыл, терек, туя, арша, сексеуіл, итмұрын, сексеуіл, акация, катальпа, итмұрын және өзге де көшеттер отырғызылған. Мамандар сексеуілдің жерсінуі және өнімділігі жоғары екенін жеткізді. Дархан Сатыбалды аймақты көгалдандыру, орман алқабын қалыптастыру бағытындағы ізденістер мен жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Қатысты жаңалықтар

В ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ В ШЫМКЕНТЕ ТОРЖЕСТВЕННО ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ШАП ЖАРЫҒЫН ЛАПАРОСКОПИЯ КӨМЕГІМЕН ЕМДЕЙ БАСТАДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ЫНТЫМАҚ-2 ШАҒЫН АУДАНЫНА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ТАРТЫЛЫП ЖАТЫР

azatmedia