Жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫН ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды жұмыс іс-сапарымен Созақ ауданында болып, жергілікті тұрғындармен кездесу жиынын өткізді, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі. Аудан әкімі мен жауапты азаматтардың басын қосқан жиында аудан әкімдігінің жұмыс көрсеткіштері талқыланып, күн тәрбіндегі өзекті деген мәселелер қаралды. Жергілікті әлеуметтің сұраныстары жан-жақты талқыға салынған мәжіліске «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыс мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбетәлиев қатысып, аудан тұрғындарының базынасын тыңдады.

Ауданның даму мүмкіндіктері таразыланған басқосуда өңір басшысы Созақ ауданы өндірісті дамытуға қолайлы аймақ екенін атап өтті. Инвестиция тарту міндеті жергілікті әкімдіктің басты мәселесі болуы керектігініе назар аударды. Партия мен әлеметтің ерекше қадағалауына алынған «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша 7 елді мекенде 14 жоба іске асырылғанына айрықша тоқталған өңір басшысы, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жалғастыруды тапсырды. Ауыл тұрғындарының табысын арттыруда «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 1,2 млрд. теңгеге 210 жоба қаржыландырылғанын айтқан облыс әкімі, партия бастамашыл болған жобаның тиімді тұстарына кеңінен тоқталды.

Тұрғындармен жүздесу жинынынан кейін Дархан Амангелдіұлы, қабылдауға жазылған бірнеше азамат көтерген мәселелерді тыңдады. Аудан тұрғындарының өтініштері экологияны сауқтыру өтініштерінен бастап, инфрақұрылымдық даму, әлеуметтік тұрғыдағы сұраныстарды қамтыды. Азаматтар көтерген мәселелер партияның өңірлік филиалының бақылауына алынып, олардың орындалуына партиялық ресурстар жұмылдырылатын болады.«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

«ЖЕР АМАНАТЫ» ӨҢІРЛІК КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС ЖИЫНЫ ӨТТІ

azatmedia

БОЛАШАҚ ЗАҢГЕР ТҰҢҒЫШ РЕТ САЙЛАУҒА ҚАТЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЕРТЕ ПІСЕТІН КАРТОП ЖИНАЛУДА

azatmedia