Жаңалықтар

ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНДА МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Созақ аудандық мәслихат төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Жамиев Ордабек Мырзабекұлы “AMANAT” партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың арыз-өтініштері бойынша жеке қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға келіп әлеуметтік жағдайын айта келген Шолаққорған ауылының тұрғынына Ордабек Мырзабекұлы бір реттік азық-түлік себетін алуға қаржылай көмек көрсетті. Сондай-ақ, Наурыз мөлтек ауданында ауыз судың жаңадан тартылған құбыр бойында судың жоқ екенін айта келген тұрғынның мәселесі бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне арнайы хат жолданып, тиісті жауап алынған жағдайда қосымша хабар беретінін атап өтті. Осы азаматтың «Мұнай-газ» саласы мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасуға ықпал жасау мәселесі бойынша «Мансап» орталығы Созақ аудандық филиалына жұмыссыз азамат ретінде тіркелген жағдайда мәслихат төрағасы өз бақылауына алатынын жеткізді. Таукент кенті, Жыныс ата елді мекенінің тұрғыны аталған елді мекенде балаларға арналған спорт кешенін салуға ықпал жасауды сұрап келген болатын. Өз кезегінде Ордабек Мырзабекұлы қабылдауға келген тұрғындардың көтерген ауқымды мәселелері жауапты жергілікті бөлімдер мен мекемелерге жолданып, бақылауға алатынын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ТҮЛКІБАСТАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫНА БАРДЫ

azatmedia

«ЕР ҚАРУЫ – БЕС ҚАРУ» ОНЛАЙН-КӨРМЕСІ ӨТТІ

azatmedia