Жаңалықтар Саясат

Коронавирусқа байланысты шындықты айтқаны үшін жұмыстан кетті

Белгілі журналист, тележүргізуші Жанат Бақыт эфирде коронавирусқа байланысты шындықты айтқаны үшін Алматы арнасынан жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Жанат Бақыт бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Эфирден кеттім. Не үшін? «Неге?» хабарына шығып шындықты айтқаным үшін. Алматы қаласының саясатына қарсы келгенім үшін. Тілсіз қуыршақ болмағаным үшін. «Екінші толқын дейсіздер, сіздер бірінші толқынға дайын болмаңыздар, қанша қандасым өлді!» дегенім үшін», – деді ол жазбасында.

Тележүргізуші адамдар індеттен өліп жатқанда үнсіз қарап тұра алмағанын ашып айтты.

Шындықты айтқан адамды жұмыстан шығара берсе эфирде ешкім қалмайтын шығар. Қалса да қаймақ емес көк суы қалар… Парақшаңа тыр жалаңаш фото қойсаң, бұл – норма, бірақ шындықты жазсаң-эфирде көрінбеуің керек.

Журналистика – төртінші билік деуші еді, олай емес, қазір журналистер бірінші биліктің қолшоқпарына айналды. Өкінішті. Сондықтан мен үшін бүкіл программаны жабудың қажеті жоқ, әріптестерімді жақсы көрем, өзім-ақ кетемін.

Мен эфирден кеткеніммен, эфир менен кете қоймас» деді Жанат Бақыт.

Қатысты жаңалықтар

ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАНДАНУЫ ТИІС

azatmedia

ТҮРКІСТАН: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ САРЫАҒАШТЫҚ КӘСІПКЕРДІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

Пікір қалдыру