Жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ГАЗБЕН ҚАМТУДА ІРГЕЛІ ІСТЕР ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы партиямыздың Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік Жол картасына енген әрбір тармақтың орындалуын жіті бақылауында ұстап, белгіленген индикаторлық көрсеткіштерінің атқарушылық деңгейін жүйелі назарына алған. Соның ішінде облыс елді мекендерін газбен қамту мәселесі – партиялық құрылымдардың ерекше қадағалауына алынған.

Партия бекіткен Жол картасының нақтылы іске асырылуы шеңберінде Шардара ауданының Жаушықұм елді мекені орталықтандырылған табиғи газ жүйелеріне қосылды, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Екі жарым мыңға жуық тұрғыны бар ауыл халқын игілікті істің аяқталуымен Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев құттықтады. Аудан басшысы Жаушықұм ауылдық округін газбен жабдықтау жұмыстары өткен жылы басталғанын хабарлап, құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген мерзімде аяқталғанын жеткізді.

Аудан әкімінің хабарлауынша, аудан тұрғындарының газбен қамтылу деңгейі жыл басындағы 94 пайыздан 97,1 пайызға жеткізілмек. Бұл бағытта Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округінің Ақберді елді мекеніне газ жүйелерін тарту жұмыстары атқарылмақ. Тұрғындардың сұранысымен, облыстық және жергілікті атқарушы билік пен өкілді органдардың күш біріктіруімен, партияның үлес қосуымен атқарылып жатқан бұл жұмыстар ауылдардың инфрақұрылымын қалыптастырып, ауыл тұрғындарының өзекті деген мәселесін түбегейлі шешуге ықпал етеді.

Ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартып, тұрмысын түзеуге бағытталған іс-шараларды аманаттық өкілдер тұрақты назарына алып, жүйелі іске асырылуына алдағы уақытта да үлестерін қоса бермек.

Қатысты жаңалықтар

САУРАНДА ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРДІҢ КЕЗЕКТІ ФОРУМЫ ӨТТІ

azatmedia

ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ

azatmedia

НАУҚАСТАР САНЫ ЕКІ ЕСЕГЕ ТӨМЕНДЕДІ

azatmedia