Жаңалықтар

ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫМЕН ЖҰМЫС ШИРАДЫ

«AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасында қоғамда өзекті деп танылған мәселелер тізбектеліп, оларды кезең-кезеңімен шешіп отырудың жоба-жоспарлары түзілген. Сайлауалды бағдарламадағы міндеттердің орындалуын үйлестіруде партияның Түркістан облыстық филиалы 2027 жылға дейінгі мерзімді қамтитын партияның Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын қабылдаған. Партия филиалының қызмет бағыты боп бекіген құжатта бес жылдық мерзім ішінде қол жеткізілуі тиіс нақтылы индикаторлар айқындалған. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жоспарымыздың ауқымды тармағы ретінде бұқаралық спортты дамыту міндеттемесі бекітіліп, оның аясындағы жұмыстар партияластарымыздың жүйелі бақылауына алынған. Партиялық жоспарға қамтылып, аманаттық өкілдердің айрықша назарына алынған нысандардың бірі – Сайрам ауданы Қарасу ауылындағы заманауи спорт кешені ғимаратының құрылысы. Бұл нысан 25 мың адамға жуық тұрғыны бар елді мекен тұрғындарының көп жылдан бері көтеріп жатқан басты сұраныстарының бірі болатын.

Мемлекет басшысы білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақты ұлттың ең қымбат байлығына теңеді. Оларды ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын басты өлшемдер санатында атап көрсетті. Балалар мен жасөспірімдердің оқу меңгеруімен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау – қоғам, мемлекет болып атқаратын абыройлы іс деп білеміз.

Партияның ерекше қадағалауына алынған нысанның дайындығын үйлестіруде құрылыс алаңына партиялық бақылау бекеті қойылып, қоғамдық бақылау жүргізуге жауапты азаматтар бекітілді. Жуырда аталған нысанның құрылыс алаңына партияның Сайрам аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Акмалжан Исаков бастаған партияластарымыз арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысын зерделеді. Мердігерлік, техникалық қадағалаушы ұйымдар мен тапсырыс беруші жергілікті әкімдіктің өкілдерімен жүздесіп, атқарылып жатқан жұмыс көлемін жан-жақты қарастырды.

Сайрам аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімінің тапсырыс беруімен 2023 жылы құрылысы басталған нысанның мердігерлік ұйымы ретінде «НұрТехСервис» ЖШС-гі танылған, ал техникалық қадағалау міндеттерін атқару «ЮгТехНадзор» ЖШС-не жүктелген. Құрылыс жұмыстары биылғы жылы толығымен аяқталып, пайдалануға берілуі тиіс. Бүгінгі күнге ғимараттағы аяқталған құрылыс жұмыстарының көлемі 70 пайыздық көрсеткіште болып отыр. Партиялық бақылау комиссиясының өкілдері ғимаратты бекітілген мерзімде толығымен аяқтап, пайдалануға беру үшін қосымша жұмыс күшін жұмылдыру керектігін ескертіп, мәселені жіті бақылауына алды. Ғимараттың дайындығын партияластарымыз тапсырыс беруші жергілікті мемлекеттік органмен бірлесе тұрақты қадағалауда. 

Қатысты жаңалықтар

ОТЫРАРДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ҚАРАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

azatmedia

Жалқаулық жақсылыққа апармайды

azatmedia