Қоғам

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы Қарабұлақ Ауылдық Округінің мәжіліс залында өтті. Жиынды Қоғамдық кеңестің төрағасы М.Есалиев ашып жүргізіп отырды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі. Аталған отырысқа аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, Қоғамдық кеңес мүшелері, мекеме және есеп беретін бөлім басшылары қатысты.Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібінде Қарабұлақ және Арыс ауылдық округтерінің идеология саласындағы ұлтаралық татулық, діни экстремизмге жол бермеу, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша есеп беру, «Сайрам ауданы әкімінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі №14 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Сайрам ауданы әкімінің шешімі жобасына қорытынды жасау туралы бірқатар мәселелер көтерілді.Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары М. Әліпов отырысқа қатысқан мекеме басшылары мен орынбасарларына Қоғамдық кеңес мүшелерінің тарапынан тиісті сұрақтарын жолдады. Сондай-ақ, оның жүзеге асуын қадағалау және ұлтаралық татулықты сақтау мақсатында іс-шаралар өткізіп тұру туралы өз ойын ортаға салды. Айта кетейік, діни экстремизмге жол бермеу, жасөспірімдер арасындағы бұзақылықты тоқтату бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табатын болады. 

Қатысты жаңалықтар

«Тәуекел деп осы жолды таңдадым» – желі қолданушылары Кентау тұрғынына алғысын жаудыруда

azatmedia

Ерекше күтімді қажет ететін азаматтармен қарым-қатынас

azatmedia

Өсиет те, қасиет те – қарттарда

azatmedia