Жаңалықтар

ПАРТИЯЛАСТАР «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АПТАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жүріп жатқаны белгілі. Осынау акция аясындағы «Мөлдір бұлақ» апталығы Түркістан облысында белсенді жүзеге асырылып жатыр. Халық арасында экологиялық мәдениетті арттыруды, қоғамдық орындарда азаматтарды мүлікке ұқыпты қарауға шақыруды мақсат ететін экологиялық акцияға партияластарымыз да айрықша үлес қосып келеді.

«Мөлдір бұлақ» апталығы аясында Ордабасы ауданы Теспе елді мекенің жанында орналасқан өзеннің, арық-атыздардың жағалары қоқыстардан тазартылып, ретке келтірілді. Шараға елді мекендегі білім беру мекемелерінің қызметкерлері, партияластарымыз белсене қатысты, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Жалпы, акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру. Табиғатты таза ұстап, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыру.

Қоршаған ортаны таза әрі ұқыпты ұстау – әрбір азаматтың басты парызының бірі. Себебі табиғат – баршамызға ортақ құнды байлық. Қазақта ежелден табиғатты аялауға, жақсы көруге үлкен мән беріледі. Сол үшін де атадан балаға жалғасқан игі іс халық арасында өз құндылығын жоғалтқан жоқ. Сондықтан да дәстүрін діңгек еткен дана халқымыз көктем шығысымен аумақты жасыл-желекке айналдыруға атсалысып, тал отырғызуда белсенділік танытып келеді.

Ұстаздар экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, халықтың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатын көздеген “Мөлдір бұлақ” апталығына өңір аймақтарындағы барлық білім беру ұйымдарын белсене қатысуға шақырды. Сонымен бірге, Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауылдық округінің өзен бойлары, арық-атыздар, қашыртпа каналдар қоқыстан тазартылып, кеңейтілгенін айта кеткен жөн. Игі шараға ауыл ақсақалдары мен тұрғындары, мемлекеттік және қоғамдық қызметшілер, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты.Апталықта Келес өзенінің жағасы күл-қоқыс пен қураған ағаштардан тазартылды. Экологиялық акцияға аудандағы елді мекен тұрғындары, жас белсенділер жұмыла атсалысып жатыр. Айта кетейік, “Мөлдір бұлақ” апталығы аясында ертең өңіріміздің бірқатар аймағында канал, арық-атыз бойларын қоқыстан тазарту, ағаш көшеттерін суару шаралары атқарылып, оған Бастауыш партия ұйымдары үлес қоспақ.

Қатысты жаңалықтар

САЙЛАУ — ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН САЯСИ НАУҚАН

azatmedia

В ШЫМКЕНТЕ РАБОТАЮТ 330 ИЗБИРАТЕЛЬНЫХ УЧАСТКОВ

azatmedia

САУРАНДЫҚ ДЕПУТАТТАР ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫН АРАЛАДЫ

azatmedia