Жаңалықтар

ИГІЛІКТІ ІСКЕ АНАЛАР АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ

«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау алаңы азаматтар көтерген талай түйінді мәселелердің оң шешім табуына үлесін қосып, партияластарымызға сайлаушыларымыздың айтар алғысы шексіз, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Қолға алған ісіміздің берекелі нәтижесі көпшіліктің ықыласына ие болып жатса, қоғам болып ұйысып тағы бір кедергіні еңсергеніміз, халықпен бірге шыңдалып-жетілгеніміз деп білеміз.Осыдан біршама уақыт бұрын партиямыздың Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев өткізген қоғамдық қабылдауға ауыр дертке шалдыққан перзенттері бар бір топ аналар келіп, бюджет есебінен қажетті ферменттік препараттарды үздіксіз алуға жәрдем беруді өтінді. Өңірлік партия филиалы бұл мәселені облыстық денсаулық сақтау басқармасымен, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракция депутаттарымен бірлесе қарастырып, оң шешім табуына ықпал етті.

Өмірде жақсылықпен қоса қиындығы да қатар жүреді. Ананы баламен, баланы анамен сынамасын деп жатамыз. Қиыншылықтан өту жолын бірлесе іздеп, біріміздің басымызға түскен ауыртпалықты біріміз түсініп, сәлде болса жеңілдеуіне жәрдемшілік ету – ізгілікті қоғамның белгісі. Аманаттық өкілдер қолдан келер мүмкіндіктерді қарастырып, науқас жандарды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтуға қаржы бөлінуіне бастамашыл болды.Партияға айтқан өтініштерінің орындалғанына ризашылығын білдірген аналар партияның өңірлік филиалы төрағасының атына алғыс білдірген хатын жолдапты. Перзенті үшін бәріне шыдайтын кеңпейіл ана жүрегін жарып шыққан жылы лебізді – бізге бірген үлкен баға деп түсінеміз. Өрелі адамгершілікке бастап, өзара сыйластық пен жанашырлыққа жетелейтін, адалдық пен қамқорлыққа үндейтін жағымды істерден партияластарымыз аянып қалмайды деген сенімдеміз.Жақсылық жасауға асығайық! Қоғамды ізгілікке бірге тәрбиелейік!  

Қатысты жаңалықтар

САЙРАМДА ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН «ЫРЫС АЛДЫ – ЫНТЫМАҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

Жаңару мен дамуға бағыт береді

azatmedia

Төлеби аудандық Ақсақалдар кеңесінің ІІ тоқсандық отырысы өтті

azatmedia