Жаңалықтар

ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫН НЫҒАЙТУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 «AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен «Балаңа уақыт арна» акциясы бастау алды.

Акцияның мақсаты – қоғам назарын отбасындағы бала тәрбиесіне, отбасы құндылығын насихаттау, ата-аналардың өз балаларына назарын арттыру, отбасылық институтын нығайту, балалардың бос уақытында қауіпсіздік деңгейін арттыру және де тағы да басқа көптеген мәселелер бойынша жұмыстар жүргізу.

Осы мақсатта, «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалы жанындағы «М.Әуезов» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ләззат Аубакирова мен кәсіподақ ұйымының төрайымы Жанна Аймағанбетова мектеп ұжымымен және ата-аналармен жиын өткізді.

Жиында жұмыс берушілердің жұмыс пен отбасылық міндеттер арасындағы үйлесімділікті табу қажеттігін түсіну мақсатында ата-аналар өз балаларымен көбірек уақыт өткізу үшін жұмыс берушілер қызметкерлерді жұмыстан кейін кешіктірмеуге, мереке күндерге жұмысқа шақырмауға үндеу, алдағы жаз маусымында балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау және отбасы институтын нығайту жайы талқыланды.

Жиын соңында қатысушылар бірқатар ұсыныстарын білдіріп, өзара пікір алмасты.  

Қатысты жаңалықтар

КЕЛЕС: КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

azatmedia

АССАМБЛЕЯ ЖАНЫНДАҒЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ – КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ БАСТАЛДЫ

azatmedia