Жаңалықтар

ТАЗАЛЫҚ – АДАЛДЫҚҚА БАСТАЙТЫН АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясындағы «AMANAT» партиясының бастамасымен қолға алынған «Таза бейсенбі» науқаны бүгін Төлеби ауданында жалғасын тапты, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі. Аманаттық өкілдер тау бөктеріндегі демалыс аймақтары көптеп шоғырланған Алатау ауылдық округіне қарасты Ақмешіт, Біркөлік тау өзендерінің жағалауларын тазартуға күш біріктірді.

Ерекше атап өтуіміз керек, көркем табиғатымен дараланған аймақта тазалық жұмыстары ай сайын емес, апта сайын өтіп жатыр. Дегенмен, жазғы мезгілде табиғат аясына келуші демалушылардың көптеп келуімен, айналадағы күл-қоқыстың бейберекет шашылуына тоқтам болмай келеді.

Тұмса табиғатымен ерекшеленген өлкенің Алатау ауылдық округі 10 елді мекеннен тұрады. Ауылдың байырғы тұрғындары жаз мезгілінде ертегілер еліндей құлпыратын аймақтың ажары соңғы жылдары солғын тартып бара жатқанына алаңдаушылығын білдіруде. Бүгінгі күннің өзінде Екпінді, Біркөлік ауылдары қаптаған демалыс орындарының ортасында қалғанын айтып шағымданады. Күндіз-түні көлік ағыны толастамайтын аймақтағы тау мен тастың арасы, өзен жағалаулары, ағаш бұталары күл-қоқысқа толып, босаған шөлмектер мен пластикалық ыдыстардың аралына айналып жатқанына өкініштерін білдіреді.

«AMANAT» партиясының белсенділері «Таза бейсенбі» науқанын өткізу арқылы қоғамға табиғатқа деген ұқыпты көзқарас қалыптастыратын уақыт жеткені жөнінде үндеуін жолдады. Туған жерге деген перзенттік махаббат – оның аясын былғамаудан басталатынын нақты іспен көрсеіп жеткізді. Табиғат аясындағы демалу мәдениеті, ең алдымен, тазалықты сақтауға деген ниеттен басталатыны жөнінде ой тастады. 

Қатысты жаңалықтар

ШОРТ-ТРЕКТЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ 76 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯНЫҢ ЖҮРЕГІНЕ АШЫҚ ОТА ЖАСАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: 2000-НАН АСТАМ АЗАМАТ КҮЗДЕ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛАДЫ

azatmedia