Қоғам

ДАЛА ОРМАН ӨРТТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ

Улы газ – иісі жоқ уландырғыш газ, оны көру немесе иісі арқылы тану мүмкін емес және одан адам бірнеше минут ішінде-ақ өліп кетуі мүмкін.

Улы газ кез келген отынды, мысалы, газ, мұнай, керосин, ағаш отын немесе көмірді жаққанда шығады. Әдетте, от жағатын құрал (мысалы, пеш) дұрыс жұмыс істеп және пайдаланылып тұрса, қауіпті емес. Жылыту маусымында улы газбен улану оқиғалары күрт өсіп кетеді. Қысқы мерзімді тұрғындардың басым көпшілігі пештерді қолданады, бірқатар азаматтар жылыту пештері мен мұржаларды қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан өздерінің тұрғын үйлері мен туыстарына қауіп төндіреді.

Осындай қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін тұрғындардың алдымен қырағы болып, төмендегі ережелерді мұқият есте сақтағандары жөн:

– үйге (пәтерге, саяжайға) өздігінен газ тартуға, газ жабдығын орнатуға, газ құралдары мен тығын арматурасын ауыстыруға және жөндеуге тыйым салынады – мұндай жұмыстарды білікті мамандар ғана нормалар мен ережелерге сәйкес жүргізе алады;

– жанып тұрған пешті қараусыз қалдыру немесе оларды бақылауды балаларға сеніп тапсыру өте қауіпті;

– жеке үйлерде мұржа қатып қалмауы үшін қысқы уақытта оны орау керек;

– іске қосылған мұржаны кірпішпен, сондай-ақ мұржадағы жапқышпен жабуға болмайды;

– мұржаның бас жағына құс ұя салмайтындай, сондай-ақ жауын-шашын тамбайтындай орналастырылып жасалуы тиіс;

– газдандырылған пештер мен мұржалардың қалауы, сылағының тығыздығы өзгерген (жарықтар пайда болғанда) кезде пайдалануға болмайды. Мұржаларда және су жылытқыштың түтін шығаратын құбырларында өз бетінше қосымша шиберлер орнатуға тыйым салынады;

– тұрғын үй бөлмелерінде өздігінен қолдан жасалған пештерді немесе өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін пештерді қолдануға тыйым салынады;

– газ бен газ аспаптарын басқа салада қолдануға тыйым салынады.

УЛЫ ГАЗДАН ҚАЛАЙ САҚТАНУ КЕРЕК?

Газ иісі мен түсінің болмайтынына және тез таралатындығына байланысты өте қауіпті. Улы газды сумен немесе басқа да заттармен басуға мүмкіндік жоқ. Газбен улану көбінесе түнгі уақытта болады. Ұйықтап жатқан адамға пеші бықсыған бөлмеде бірнеше минут болудың арты қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін.

Газбен уланудың жиі орын алатын түрі иіс тию деп аталады. Әдетте, бұл пешті қолдану қағидаларын бұзу салдарынан немесе өрт кезінде болады. Газбен улану жағдайы көлікті гаражда қыздыру немесе жөндеу кезінде де орын алып жатады. Түркістан қаласы ТЖБ қала тұрғындарын пештің дұрыс жұмыс істемеуінен, жанып жатқан отын бықсуынан, түтіндеуінен адамдарға иіс тиюі ықтимал екендігін ескертеді.

Иіс тиюдің алдын алу шаралары қандай?

Иіс тиюдің алдын алу үшін ең алдымен пеш дұрыс жұмыс істеуі тиіс. Мысалы, адамдар ұсақ дүние деп қарайтын пештегі кішкентай жарық, пеш түтіндігінің дұрыс тартпауы, осының бәрі қайғылы жағдайға себепкер болуы мүмкін. Сондай-ақ, үйді жақсы желдету керек. Көпқабатты тұрғын үйлерде газдан улану, әсіресе күздің аяғында немесе қыстың басында орын алады. Орталық жылу әзірге қосыла қоймаған соң, адамдар үйлерін газ плиталарды қосу арқылы жылытады. Желдеткіштері дұрыс жұмыс істемейтіндіктен газ плитаның өзі адам өміріне қауіп төндіреді.

Иісті газбен улану белгілері

Улану белгілері әр түрлі болуы мүмкін, ағзаның жалпы жай-күйіне, бұрыннан бар аурулардың қозуы және басқа да мән-жайлар. Дегенмен, сіз бастың айналуына, бастың ауруына, жүректің айнуына, құсу, құлақтағы шуға, ентігу, жөтел және көздің жасаурауына міндетті түрде көңіл бөліңіз. Бұл иіс тиюдің симптомдары болуы мүмкін.

Иіс тиген адам кейбір жағдайларда тым ширақтық байқатуы, кейде керісінше әлсіздік және ұйқышылдық байқалады. Сондай-ақ, адамның вестибулярлық аппаратының жұмысы бұзылып, есту, көру қабілеттері нашарлауы мүмкін (тепе-теңдікті жоғалту, өзін –өзі ұстай алмау). Бұл белгілер естен тануға себеп болады. Ауыр және орташа санатты улану кезінде жүрек-қан тамырлары жүйесі жұмысында проблемалар болуы мүмкін. Аритмия пайда болып, қан қысымы мен дене температурасы төмендейді. Осындай жағдайда зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілмесе, жүрек тоқтап немесе миокард инфарктісі орын алып, адам қайтыс болуы да мүмкін.

Алғашқы көмек туралы айтар болсақ, улы газбен уланғанда (бас айналуы), адамды таза ауаға шығару қажет. Ауыр және орташа санаттағы иіс тию кезінде адамды ауруханаға жатқызу керек.

Жоғарыда аталған ұсыныстарды сақтаған жағдайда Сіздер улы газбен улану мүмкіндігін болдырмайсыздар.

Газдың иісін сезген жағдайда жедел түрде 104, немесе 112 телефоны арқылы авариялық газ қызметін шақырыңыз. Газ жиналған бөлмеде өрт шығуы үшін от көзінің бір ұшқыны жеткілікті!

Азиз БАЙТАС,

Түркістан қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты

Қатысты жаңалықтар

NEET санаты: Жалқау жастарды қалай азайтуға болады?

azatmedia

Талдықорғанда өзінен 11 жас кіші қызды қарата алмаған ер адам ұят әрекетке барды

azatmedia

Белгілі журналист «өмірді түбегейлі өзгертетін» курстың бар былығын жайып салды

azatmedia