Қоғам

Иматов Қанат Абдурахманұлының сайлауды алды бағдарламасы

0000

Иматов Қанат Абдурахманұлы, 1987 жылдың 28 сәуірінде дүниеге келген, 1994-2003 жылдары орта негізде білім алған, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

2003-2007 жылдары Қызылорда қаласындағы И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжін «Есептегіш машиналар, комплекстер, жүйелер мен тарамдар» мамандығы бойынша аяқтадым. 2008-2011 жылдары Шымкент қаласындағы Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінің «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша, ал 2014 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірдім.
Отбасылық жағдайым: Үйленгенмін, 3 ұл, 2 қызым бар.


Еңбек жолы:
Еңбек жолымды 2006 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК-ның №96 филиалының сарапшысы болып бастаған. 2014-2018 жылдары Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты №29 Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебінде 0,5 жүктемесі бойынша «Азаматтану» пәні мұғалімі болып қосымша қызмет атқарған. 2018 жылдың наурыз айында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалдым. Сондай-ақ, қазіргі кезде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған Түркістан – адалдық алаңының Сарыағаш ауданындағы «Сарыағаш – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Сарыағаш ауданы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі қызметін қоса атқарудамын. Бүгінгі таңда басшылық қызметiмдi абыроймен атқарып, толағай табыстарға мүлтіксіз қол жеткізіп келеді.​​

Марапаттары:
Сөзімді дәйектейтін болсам, күні бүгінге дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК-ның директорының, Сарыағаш ауданы әкімінің, «NurOtan» партиясы Сарыағаш аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының, Сарыағаш аудандық мәслихат хатшысының, Сарыағаш аудандық сотының төрағасының, Сарыағаш қаласы әкімінің, Сарыағаш аудандық орталық мешітінің бас имамының, Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімі басшысының, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының, Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығы басшысының, Сарыағаш мүгедек балаларды оңалту орталығы директорының алғыс хаттарымен және Қазақстан Республикасының судьялар одағы Түркістан облыстық филиалының «Құрмет грамотасымен» марапатталып, «Сарыағаш қаласына 50 жыл», «Сарыағаш ауданына 80 жыл» төс белгілерімен наградталдым.

Құрметті Нұр Отандықтар, партияластар!

Жасампаз еліміздің бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері орасан. Ал әрі қарай дамуы – өңіріміздегі жағдайларды жақсарту үшін қабылдайтын кешенді шараларға тікелей байланысты. Сол себепті нақты жоспар мен тиянақты іске көшу қажет. Осы орайда бас партиямыз халық пен кері байланыс арналарын орнатуға ерекше назар аударып, сайлауға ұсынылатын адал, іскер, ел сенетін жаңа көзқарасты саясаткерлерді іріктеп алудың тәсілі, халықаралық тәжірбиеде мойындалған – праймеризге қатыса отырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік әділеттілікті арттыруға менде лайықты үлес қосуды межелеп отырмын.
Мені партияластарым қолдап, сенім білдірсе, мына мәселелердің шешілуіне ықпал жасайтын боламын.

Отбасы құндылықтарын нығайту бағытындағы жұмыстарды күшейтуге, білім мен тәрбие беру ісін жақсартуға, мұғалімдердің мәртебесін көтеруге, жастар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуға, тұрмысы төмен отбасындағы балаларға қамқорлық жасауға;

Тұрғын үй мәселесі қазіргі уақытта ең өткір мәселелердің бірі болып табылады.  Қазіргі таңда 4700-ден астам аудан тұрғындары тұрғын үй кезегіне тіркелген. Бүгінде Сарыағаш қаласында 5 көпқабатты 13 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, инфрақұрылым жұмыстары жалғасуда. Алдағы уақытта кезекте тұрған тұрғындарға «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес кезек бойынша берілуін қадағалауға;

Ауданда құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында елді мекендерге бақылау камераларын орнатуға және заңсыз букмекерлік кеңселердің (Оlimp.kz, Гол+Пас, Inbet, т.б.) жұмысын тоқтатуға;

Сарыағаш ауданындағы елді мекендерді инфрақұрылым жүйелері мен интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз етуге;

Ауданда «Сарыағаш жастарының құрылыс жасағын» құрып, мердігер компаниялармен келіссөздер жүргізу арқылы жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтуға;

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде ауылшаруашылық техникасын сатып алуға, көктемгі егін жұмыстары мен малшаруашылығын несиелендіру көлемін ұлғайтуға ұсыныс беру, «Жас кәсіпкер» бағдарламасы арқылы жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында тұрғындарды қайтарымсыз мемлекеттік грантпен қамтуға;

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандарды ауылға тұрақтандыру үшін насихаттау жұмыстарын күшейтуге;

Аудан халқының 28 пайызын жастар құрайды. Сондықтан аудан жастарының бос уақытын тиімді пайдалану, жастардың қоғаммен байланысын нығайту, белсенділігін арттыру және жастарға арналған арнайы үйірмелер ашу мақсатында ауданда жастар сарайының салынуына;

Жастардың денсаулығын сақтау және нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорт алаңшаларының салынуына;

Қоғамдағы әлсіз топтарға қуаныш сыйлайтын еріктілердің қоғамдағы рөлі ерекше. Сондықтан қала, кент, ауылдық округтерде волонтерлік клубтар құру арқылы еріктілер қозғалысының дамуына;

Халыққа қызмет көрсететін мекемелердің азаматтармен диалог орнатуы арқылы жұмыстарының ашықтықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға барынша күш саламын.

Жоғарыдағы аталған мәселелер мен проблемалардың шешілуіне өз құзыретімнің шегінде тиісті жұмыстарды атқаратын боламын.
Біздегі бір мақсат – мәңгілік елді нығайту, бір мүдде – біздің ортақ құндылығымыз, тәуелсіз және гүлденген елде өмір сүруге ұмтылу. Мақсатымыз – айқын, мүддеміз – ортақ. Еліміз әлемнің дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін алдымызда тұрған нақты міндеттер – осылар. Азат елдің азаматы екендігімді мақтан етіп, алдағы уақытта бар іс-тәжірибем мен қажыр-қайратымды тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне жұмсайтын боламын.

Қатысты жаңалықтар

Қызылорда полиция басқармасының бастығын ұсталды – БАҚ

azatmedia

«Екі күйеуім бар» – Қоғам белсендісі өзінің жаңа күйеуіне іздеу салды

azatmedia

Түркістан: 16 жасар қыз 30-дан асқан жігітке тұрмысқа шықты

azatmedia

Пікір қалдыру