Қоғам

АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ

Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Апат айтып келмейді ғой. Бул жаздай баримизге де оңай соғып турған жок.Иә, су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды.Президент халыққа көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырды. Мемлекет басшысы: «Үкімет шығындарды өтеудің тиімді жолдарын шұғыл қарастыруға тиіс. Оны зардап шеккен азаматтарға жан-жақты түсіндіру керек. Берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет», – деді.Мундайда жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпараттар да тарауы мүмкін. Сондай арандатушылардан барынша сак болайык. Бұқаралық ақпарат құралдары елге шынайы акпарат жеткизип туруы да өте маңызды. Көпшілік тек қана ресми ақпарат көздеріне сүйенуге қажет!Қазір барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда.  Премьер-Министрдің өзі, оның орынбасарлары және Төтенше жағдайлар министрі апат болған аймақтарды аралап жүр. Барлық құтқару жұмыстарын Мемлекет басшысы бакылауында устап отыр.Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды.Мемлекет басшысы зардап шеккен азаматтар жәрдем берілетінін жеткізді. Материалдық шығындар да толық өтелмек. Ж.Құлбайымбет, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Қатысты жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ: Қ. Әбдалиев ауылдық округі инвестиция тарту жоспарын толығымен орындап отыр

azatmedia

Елімізде ерекше қажеттілігі бар 719 мыңнан астам адам тұрады

azatmedia

Ашық терезелер – балалар үшін қауіпті!

azatmedia