Қоғам

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдады. Бұл күннің де жаманы кетіп, апат артта қалады. Мемлекет басшысы әдеттегідей сынаққа тап болған жұрттың ортасынан табылды. 

Қазіргі таңда арнайыштаб құрылып, жұмыс күштері апаттың өзімен күресіп жатыр. Төтенше жағдайға жол беріл алғандарға сөгіс жарияланды. Қазір тығырықтан шығатын жол тауып, апаттың бетін қайтару маңызды болып тұр. Сондықтан Президент тапсырмасына сәйкес Үкімет басшысынан бастап, іске жауапты министрлер жағдай тұрақталғанша су басқан аймақтарда жүреді. 

Күн бірден жылып, қардың бірден еріп кетуінен болған су тасқыны. Өкінішке қарай, жер тоңы жібімей жатқандықтан, су сіңіп кете алмайды. Сол себепті, жер бетімен жылжып, өзен сулары қосылып, қауіпті болып тұр.

Десе де, зардап шеккен отбасылардың шығыны өтеледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі үндеуінде мемлекеттік материалдық резерв есебінен де көмек берілетінін айтты. 

Бір емес бірнеше облыстарда орын алған жағдайлар тек Президентті емес, бүкіл халықты алаңдатуы тиіс. Жан-жақта жан-жақты көмек көрсетіп, жұмыла көтеріп жеңіл жүк қылуға тырысу керек. 

«Орнында бар оңалар» дегендей, апаттың беті қайтқан соң, салдарын жою жұмыстары басталады. Уақыт керек. Материалдық шығынның орны толар, адам шығыны болмасын деп тілейік.

М.Айтжанов, бокстан ұлттық құраманың бас бапкері

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

azatmedia

«Сергек» жол полицейлерін жемқорлық табысынан айырды – Тоқаев

azatmedia

 Мұқтажы қайсы, масылы қайсы?!

azatmedia