Қоғам

Бұл сынақты да еңсереміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі бірқатар облыстардағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жариялады. Дәл қазіргі уақытта су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланған. Атап айтар болсақ, олар: Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы үндеуінде су тасқынымен күресуге барлық ресурстар тартылып, қажетті шаралар қабылданып жатқанын жеткізіп: «Баршаңызға белгілі, елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады», — деді. Ең бастысы, ондағы тұрғындардың амандығы. Президент тасқын судан зардап шеккен азаматтарға мемлекет тарапынан қаржылай және басқа да көмек көрсетілетінін де айтты. Материалдық шығындар толық өтелмек. Дегенмен, біздің алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығарып, сабақ алуымыз керектігін тілге тиек етті. Ия, расында да бұл апат бізге елімізде су шаруашылығы мамандарының тапшы екенін, табиғатқа немқұрайлы қарауға келгенде көп мәселені реттеу қажет екенін ұқтырғандай болды.  Президент өз үндеуінде жағдайдың осындай күрделі екенін айта отырып, бұл қиындықты да еңсеретінімізді, барлығы қалпына келетінін жеткізді. 

Н.СҮЛЕЙМЕНОВ, кәсіпкер.

Қатысты жаңалықтар

«Коронавируспен өмір сүруге тура келеді» – Жандарбек Бекшин

azatmedia

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ: Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады

azatmedia

Масылдық көзқарастан қалай арыламыз?

azatmedia