Ақпарат

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР БАТЫСТЫҚТАРМЕН БІРГЕ

Түркістан облысы, “Қазақстан халқы Ассамблеясы” көмегі Оралдағы ағайынға жеткізілді. Дәл қазір гуманитарлық көмек арнайы құрылған штабқа түсірілді.

Алдағы уақытта зардап шеккен отбасыларға көмектер үлестіріліп жеткізілетін болады.

Табиғи апат аймағындағы зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары Түркістан облысы “Жастар ресурстық орталығы” ғимаратында арнайы штабта белсенді жұмыс істеуде!

Ордабасы ауданының гуманитарлық көмегі штабқа жеткізілді.

Қарғын су апаты аймағындағы зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлар мен облыс тұрғындары игі іске өз үлестерін қосты. Алғашқы күннің өзінде тұрғындар, мәслихат депутаттары, жергілікті жомарт азаматтар ең қажетті және жолға жарамды заттармен қамтып үлгерді.Еліміздегі су басқан өңірлерге Түркістан облысының атынан біршама көмектер көрсетілуде. Игі істен Төлеби ауданының тұрғындары да құр қалып жатқан жоқ.

Жуырда аудан әкімі Төлеген Телғараевтың тұрғындармен өткен кездесулерінде ауыл белсенділері, қариялары дәстүрді жаңғыртып Наурыз мерекесін тойлауға жиған қаражаттарын су басқан аймақтарға көмек ретінде жіберуді шешкендерін жеткізген.«Отандастарымыз тасқын судан зардап шегіп отырғанда, той тойлауымыз жарамас. Сондықтан Наурыз тойын тойлауға жиналған қаржыны су басқан аймақтарға гуманитарлық көмекке жұмсасақ дұрыс болар деп ойлаймыз»- дейді ауыл белсенділері.Нәтижесінде Кемеқалған, Тасарық, Қасқасу ауылдық округ халқы мен Дарын мектебінің ұстаздары атынан алынған 5 тонна азық-түлік, жастық – көрпе, қажетті гигиеналық заттар тиелген жүк көлігі жолға шығып, тиісті орынға жеткізілді.

Күшіміз бірлікте!

Табиғи апат аймағындағы зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары Түркістан облысы “Жастар ресурстық орталығы” ғимаратында арнайы штабта белсенді жұмыс істеуде!

Төлеби ауданы, Кемеқалған ауылдық округінің гуманитарлық көмегі штабқа жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ МУЗЕЙ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

Қазығұртта әлеуметтік көмек

azatmedia

Жалпы құны 1016,0 млн тг құрайды.

azatmedia