Қоғам Соңғы жаңалықтар

Алматыда жезөкшелерді сабап, тонайтын екі ер адам ұсталды

Алматыда екі ер адам жеңіл жүрісті қыздарды тонаған, – деп хабарлайды zakon.kz.

Ер адамдар жарнама арқылы үйінде адам қабылдайтын жезөкше қыздарға телефон соғып, кездесуге келгенде тонап отырған.

Күдіктілер қыздарды ұрып, қорқытып, ақша, телефон, зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Мүмкін базбұзарлар қыздар полицияға арызданудан қорқатындығына сенімді болса керек. Жедел қызметкерлер бірнеше күннің ішінде күдіктілерді анықтап, оларды ұстады. Екеуі де синтетикалық есірткіні тұрақты қолданушылар болып табылады. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қала ішінде жасалған бес қылмыстық эпизод бар. Ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изольяторына тоғытылды, – деді Бостандық аудандық полиция бөлімінің бастығы Думан Аухадиев.

Жәбірленушілер көбірек болуы мүмкін, сондықтан осы адамдардың қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан келесі телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз: 254-47-01; 254-47-02 және 254-47-03.

Қатысты жаңалықтар

НАЧИНАЕТСЯ ПРИЕМ ДОКУМЕНТОВ НА БЕЗВОЗВРАТНЫЕ ГРАНТЫ

azatmedia

Патерналистік үлгі дегеніміз не?

azatmedia

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН АРАЛАДЫ

azatmedia