Қоғам

Саяси салаға серпіліс әкелді

Саяси салаға серпіліс әкелді Ел Президенті Қ.К.Тоқаев былтыр 16 наурызда Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында саяси саланы серпілтуге нақты тапсырмалар берді, ел дамуын айқындайтын заңдар қабылдау қажеттігіне ерекше тоқталды. Осыған орай өткен жылы Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Заң жобасы Жолдауда айтылған президенттің өкілеттігін қысқартуға, биліктің өкілді тармағын қайта форматтауға, сайлау жүйесін жетілдіруге, құқық қорғау институттарын күшейтуге және сайлау процесін жаңғыртуға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталған. Ендігі уақытта президент тек бір мерзімге сайлана алады және оның өкілеттігі 7 жылдан аспауы қажет.
Осы заң жобасы арқылы Мемлекет басшысының президент өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде оның саяси партияға мүшелігіне тыйым салуды белгілейтін түзетулер енгізілді. Сайлаудың пропорционалды-мажоритарлы жүйесі енгізілді. Мәжілістегі Қазақстан халқы Ассамблеясы квотасы алынып тасталды. Парламент және мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды бір мандатты округтер бойынша ұсыну және тіркеу тәртібі, оларды кері қайтарып алу мәселесі реттелді. Сондай-ақ, сайлауға байқаушы ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу талаптары енгізілді. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайланбалылығы енгізілді. Әкімдерді сайлау тек бәсекелі негізде ғана өткізілмек.
Президент Жолдауынан бастау алған осы өзгерістер елімізде жүзеге асырылып та үлгерді. Былтыр 20 қарашада Президент сайлауы өтті. Ал, биыл 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Бұл сайлаудың ерекшелігі сол, аралас сайлау жүйесімен өтті және бір мандатты округтерден кандидаттар өзін-өзі ұсына алды. Міне, мұның өзі қоғамдық өмірдің қайта жанданғанын көрсетеді. Әрине, жаңа құрамнан бірден керемет өзгерістерді күтпесек те, олар елді дамыту тұрғысында тың бастамалар көтеріп, белсенділік танытарына күмән жоқ. Қайткен күнде де бұл сайлау Қазақстанның саяси жүйесін біртіндеп қайта форматтауға ықпал етпек.

Өмірбек ТЕМІР, сот саласының ардагері

Қатысты жаңалықтар

Қарызға шырмалған халық немесе кредитті кешірген дұрыс па?

azatmedia

Желі «жұлдызы». Үйір-үйір жылқы айдаған Асыл қыз ауылды насихаттап жүр

azatmedia

Қоғамдағы Ынтымақтың Маңызы Қандай?

azatmedia