Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ШАЛҒАЙДАҒЫ ҚОС АУЫЛДЫ ЖАЛҒАЙТЫН ЖОЛ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды тапсырды, «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек», деген болатын.

Келес ауданында тозған инфрақұрылым жүйелері жаңартылып, жөндеуді қажет ететін көшелерге асфальт жабындысы төселіп жатыр. Аудан орталығынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан Жамбыл және Бозай ауылдық округтерінің инфрақұрылымдары жаңартылып жатыр, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл мәселелерді жергілікті тұрғындар Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевпен кездесуінде сұранған болатын. Нәтижесінде Жамбыл ауылдық округінің Бекбота және Ащыкөл ауылдарын жалғайтын 9,7 шақырымдық аудандық маңызы бар автожолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Өткен жылы Бекбота мен Ащыкөл елдімекендерін жалғайтын аудандық маңызы бар автожолды күрделі жөндеуден өткізу бойынша тиісті жұмыстар басталған болатын. Былтыр 3 шақырым жолға асфальт төселсе, биыл қалған жол істеліп жатыр. Тұрғындар осы мәселені тездетіп шешіп, ел игілігіне тапсырса екен деп сұранған еді. Сұраныс қанағаттандырылып, жұмыстар таяу арада аяқталады, – деді Жамбыл ауылдық округінің әкімі Талғат Байдуллаев. Келес ауданы 2018 жылы өз алдына жеке аудан мәртебесін алғалы бері, инфрақұрылым жұмыстары қарқынды түрде жаңартылып жатыр. Өткен 5 жыл ішінде 14 ауылға газ берілсе, жыл соңына дейін тағы 9 ауыл толық газбен қамтылады. Ал ішкі көшелердің қанағаттанарлық жағдайы 2018 жылы 22 пайызға жетсе, биыл 60 пайызға жеткізу көзделген.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

azatmedia

ЕАЭО АЯСЫНДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯ, ЕҢ АЛДЫМЕН, ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТҚА ИЕ

azatmedia

ҚАЛАДА АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІНІҢ ЖҮРІСІНЕ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

azatmedia