Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨШЕЛЕР МЕН АУЛАЛАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды тапсырды, «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек», деген болатын.

Осы орайда, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне санитарлық-тазалық шарасына қатаң көңіл бөліп, нақты жұмыстар атқаруды тапсырған болатын. Осы бағытта Кентау, Келес, Сауран, Сарыағаш, Түлкібас аудан, қалаларында берілген тапсырма аясында жаппай сенбілік жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Көше бойларындағы күл, қоқыстар тазаланып, аялдамалар мен көше жиегіндегі шарбақтар боялды. Тазалық шарасына аудан, қала әкімдігіне қарасты дербес бөлім, ауыл, ауылдық округтері мамандары белсенді атсалысса, жергілікті тұрғындар да өз аулаларының аумағын тазалады. Наурыз айынан бастау алған сенбілік әлі күнге дейін жалғасуда. Сенбілікте әр мекеме өзіне жүктелген аймақта тазалық жұмыстарын жүргізіп келеді. Мұндағы мақсат – қаланың таза әрі көрікті қалпын сақтау.

Тазалық жұмыстарына техникалар мен адамдар жұмылдырылып, қоқыстарды белгіленген жерге жеткізуде. Айта кетейік, аудан, қалаларда тазалық шарасы әр сенбі де жалғасын табады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУЛЫҚ КӘСІПКЕР БАЛЫҚ АУЛАУ ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫН АШЫП, 10 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР

azatmedia

РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ КӨК БАЙРАҒЫМЫЗ БИІКТЕ ЖЕЛБІРЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

azatmedia