Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕРДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБУДА

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды тапсырды, «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек», деген болатын.

Түркістан облысында аудан, қала әкімдерінің тұрғындармен кездесулері тұрақты түрде жалғасып, онда көтерілген мәселелер шешімін табуда. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтың «Бірлік» секторы тұрғындарымен кездесуінде де маңызды мәселелер көтерілген болатын. Өтініштер назарға алынып, тапсырмалардың орындалуы түзілген жоспарға сай жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда, «Бірлік» секторының 49 көшесіне кәріз жүйесі жүргізілді. Секторға қарасты Сарысу көшесіне интернет байланысын күшейту мақсатында қабылдағыш құрылғылары орнатылып жатыр. Тұрғындардың ұсынысына сәйкес, Еділ көшесіндегі көгалды аймақтың күтімі үшін су ұңғымасы қазылып, сондай-ақ, тұрғындардың сұранысы бойынша №16 қоғамдық көлік халыққа қызмет етіп жатыр. Ал Шамил Дүрия, Алғабас, Үржар көшелерінде ойын алаңшаларының құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ықылас көшесін көгалдандыру қолға алынып, ағаш көшеттері егілді.

Бұдан бөлек, «Яссы» секторына қарасты А.Юсупов көшесіндегі тұрғын үйлер нөмірі жүйелендіріліп, аталған көшенің тұрғындарының өтініші бойынша аймақтағы жол тұйықтары реттелді. Т.Бокин көшесіндегі көпқабатты үйлердің аулалары абаттандырылып, асфальт төселді. 5-ші көше және И. Алтынбек көшелеріндегі су ұңғымалары реттелді. Р.Тойшыбаев көшесіндегі электр қуаты, тұрғын үйлердің ауыз су мәселесі шешімін тауып, жол қайта қалпына келтірілді. Сонымен қатар Кентау тас жолы бойы тазаланып, көгалдандырылуда. Тұрғындарының сұранысына орай, №2, №2а қоғамдық көліктер бағыты ұзартылып, Сақ қорған көшесінде балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды. Байдалы, Шоқтас Майлыкент көшелеріне ұялы байланыс құрылғысы және И. Алтынбеков, Р.Тойшыбаев көшелеріне бақылау бейнекамералары орнатылды.Тұран мөлтек ауданындағы электр желілері және трансформаторлар қайта жаңартылуда. Үстірт, Қарасай батыр, Есет батыр көшелеріндегі жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кездесулерде халық тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынып, оларды шешу бойынша жұмыстар жалғасады.

Қатысты жаңалықтар

Ақтөбеліктер қаруланып жатыр

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ТҰРҒЫН ПЛАСТИКАЛЫҚ ҚАЛДЫҚТАН КОМБАЙНҒА АСА ҚАЖЕТТІ БӨЛШЕКТЕР ШЫҒАРАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕГІ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ЖЫЛЫНА 400 ТОННА БАЛЫҚ ӨНДІРМЕК

azatmedia