Ақпарат Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 224 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Түркістан облысында биыл жалпы 224 тұрғын үй (2 469 пәтер) құрылысы жүргізіліп жатыр. Олардың басым бөлігі – көпқабатты тұрғын үйлер. Құрылыс сапасы – басты назарда. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров облыстық құрылыс басқармасы мамандарымен Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтарал, Шардара аудандарында бой көтеріп жатқан тұрғын үйлердің жұмыс барысын қадағалап, аудан әкімдіктерінің жауапты қызметкерлері мен медігер мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді. Құрылыстың сапасына басты назар аударып, тұрғын үйлердің сейсмоқауіпсіздігінің сақталуына қатаң бақылау жүргізуді тапсырды. Бастысы – құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес аяқталуы тиіс. Құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуді ескертті. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында жалпы 63 мектептің құрылысы жоспарланған. Оның ішінде биыл 29 мектеп, 2025 жылы 34 мектеп пайдалануға берілмек. Облыс әкімінің орынбасары Отырар, Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтарал, Шардара аудандарында салынып жатқан білім беру нысандарының құрылыс барысымен танысты. Туындаған өзекті мәселелердің шешімін қарастыру мақсатында «Самұрық Қазына Констракшн» АҚ-ң, мердігер мекемелер, техникалық және авторлық қадағалау мекемелерінің өкілдерімен нысандарды аралап көрді. Құрылысқа жауаптылардың жұмыстарына жанашырлықпен қарап, тапсыру мерзімі белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асыруды тапсырды. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында облыс көлемінде 49 медициналық – санитариялық алғашқы көмек көрсету нысандарының құрылысы жоспарланған. Құрылыс барысы қатаң бақылауда. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Оралбайұлы Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтарал, Шардара аудандарында салынып жатқан денсаулық сақтау нысандарының құрылыс барысымен танысты. Туындаған өзекті мәселелердің шешімін қарастыру мақсатында мердігер мекемелер, техникалық және авторлық қадағалау мекемелерінің өкілдерімен бірге құрылыс алаңдарында болып, тиісті тапсырмалар берді. Жаңа медициналық нысандарды желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ҚАРНАҚТА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА ҚЫТАЙ КОМПАНИЯЛАРЫМЕН МЕМОРАНДУМДАР ЖАСАЛДЫ

azatmedia

Жақсылықтан үміт үзбейік

azatmedia