Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: “СЕРПІН” БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 20-ҒА ЖУЫҚ УНИВЕРСИТЕТ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің көші-қон саясатының тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакеті ұсынылды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, оларды іске асыру мақсатында көші-қон саясатының алдағы 5 жылға арналған жаңа тұжырымдамасы шеңберінде ішкі көші-қонды ынталандыруға бағытталған бірқатар шаралар көзделетін болады.

Мемлекет басшысының ішкі көші-қон саясатын қайта қарау жөніндегі тапсырмасын орындау үшін жаңа Тұжырымдама шеңберінде елдің басқа облыстарында негізделген трансферт және қолданыстағы бизнес-жобаларды кеңейту арқылы жұмыс орындарын құра отырып, азаматтардың солтүстік және орталық өңірлерге реттелетін қоныс аударуын ұйымдастыру тетігі көзделетін болады.

Осы орайда, бүгін Ахмет Ясауи университетінде мектеп бітіруші түлектер үшін «Серпін» бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тапсырмасына сәйкес, оқу орындарының көрмесіне еліміздегі 18 университеттің өкілдері қатысты. Шара мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру.

Көрмеде Батыс Қазақстан, Қарағанды, Екібастұз, Көкшетау, Атырау және т.б өңірлерден келген жоғары оқу орындарының қызметкерлері өздерінің білім ордаларын таныстырып, талапкерлердің сауалдарына жауап берді.

«Бұл бағдарламаға 2023 жылдан бастап жаңа жүйелер енгізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін «Серпін» бағдарламасы бойынша тегін білім алған студенттер оқу бітіргеннен кейін оқыған өңірлерінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттелген болса, ендігі уақытта талап өзгеріп еңбек өтеу мерзімін азайтып, екі жыл жұмыс істеу міндеттелді. Сондай-ақ, жас мамандар тек оқыған өңірінде ғана емес, солтүстік, батыс және шығыс өңірлеріне қарасты 11 аймақта жұмыс істеуіне болады. Бүгінде 2023-2024 жылғы оқу жылдарына 3 653 грант бөлініп отыр. «Серпін» бағдарламасына көбінесе Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының түлектері қызуғушылық танытуда. Айта кететіні, биыл 1 қыркүйектен бастап шәкіртақыны бакалавр студенттеріне 20 пайызға, магистратура студенттеріне 15 пайызға дейін өсіру жоспарлануда»,- деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің бас сарапшысы Әділбек Мансуров. Еске сала кетсек, білім беру гранттары туралы ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың 17-20 мамыр аралығында Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарына жұмыс сапары жоспарланған.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КЛИМАТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨШЕТТЕРДІҢ ЖЕРСІНУІ 50 % -ДАН АСПАЙДЫ

azatmedia

100-ЛЕТНЯЯ ЖИТЕЛЬНИЦА ШЫМКЕНТА СДЕЛАЛА СВОЙ ВЫБОР

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕРДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБУДА

azatmedia