Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4 АЙДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА 163,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты.

Осы орайда, көктемі ерте келетін Оңтүстік өңірінің шаруаларының жұмысы қызып та кетті. 

Жері құнарлы, ауа-райы қолайлы Түркістан облысы – еліміздегі ауыл шаруашылы дамыған алдыңғы қатардағы өңір. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 163,5 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,0%-ға орындалды. Оның ішінде: өсімдік шаруашылығы 21,9 млрд. теңгені құраса, мал шаруашылығында 139,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Республикадағы үлесі 14,1%-ды құрап отыр.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 10,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, тиісті кезеңмен салыстырғанда 217,9%-ға артса, тамақ өндірісінің негізгі капиталына 1,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, тиісті кезеңмен салыстырғанда 147,5%-ға өсті.

Биыл АӨК саласына жалпы құны 54,1 млрд.теңгені құрайтын 60 жобаны іске асыру жоспарланған. Қазіргі таңда құны 4,9 млрд.тг болатын 16 жоба іске қосылды. Атап айтсақ, 200 басқа арналған тауарлы сүт фермасы, 4 мал бордақылау алаңы, 3 сүт өңдеу цехы, 2,1 га аумаққа 2 фермерлік жылыжай салынды. Сонымен қатар 490 га жаңбырлатып суару бойынша 3 жоба, балық өсіру бойынша 3 жоба жүзеге асырылды. Бұдан бөлек, құны 107,3 млн. доллар болатын 271,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі шет елдерге экспорталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге ұлғайды. Оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 214,4 мың тонна (34,8 млн. доллар), мал шаруашылығы, 5,0 мың тонна (19,6 млн. доллар) болса, 52,0 мың тонна (52,7 млн. доллар) қайта өңдеу өнімдері экспортқа жөнелтілді.

Қатысты жаңалықтар

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары ұсталды

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ҚАЗНЕТТЕ ТАРАЛҒАН БЕЙНЕЖАЗБАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНДІРМЕ БЕРІЛДІ

azatmedia

ШЫМКЕНТТІК АРДАГЕРЛЕР САЙЛАУДА БЕЛСЕНДІ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ

azatmedia