Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ЖАСТАРЫ АЙМАҚТЫ ҚОҚЫСТАН ТАЗАЛАУДА ЕРЕКШЕ ТӘСІЛДІ ҚОЛДАНУДА

Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды тапсырды, «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек», деген болатын.

Осы орайда, Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Плоггинг» спорттық шарасы өтті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Спорттық шара Хантағы ауылының тау бөктерінде ұйымдастырылды. Жарысқа қаланың жастарынан жасақталған 5 команда сайысқа түсті.

Игі шараға қатысқан қала әкімі Жандос Тасов белсенді жастарды мерекелермен құттықтап, маңызды шараны ұдайы өткізу қажеттігін атап өтті.

– Еліміздің мәдениетінің дамуы ол алдымен тазалалықтан бастау алатыны сөзсіз. Күн жылып, жердің нәрі кіре бастаған уақытта көпшілік табиғатқа шығып демалуды бастайды. Өздеріңізбен тұрған жеріміз қаламыздың ең көрікті бөлігі. Адамдар осы аймаққа көп шоғырланатын болады. Алайда, тазалыққа мән берми жатады. Көпшілікке ой салар бүгінгі шарамыз жалғасын тауып, өз нәтижесін береді деген сенімдемін, – деді ол.

Плоггинг спорттық шарасында алдымен жастар тұрғындар демалатын аймақтардағы қоқыстарды тазартудан жарысады. Тазалық шарасын аяқтағаннан кейін, садақ ату және ләңгі тебу ойын түрлерінен сынға түседі. Ең белсенді, ең мықты деген топ жеңімпаз атанып, арнайы қала әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бұдан басқа осы күні сондай-ақ Кентау қаласы Қарнақ ауылында ауыл әкімі М.Диметов пен қалалық маслихат депутаты Б.Хабибовтың бастамасымен, ауыл белсенділерінің қолдауымен ауқымды тазалық шарасы өтті. Қарнақ ауыл тұрғындары «Ырмақ» өзені жағалауын тазарту, қоқыстарын жинау шарасы эко асар аясында ұйымдастырылды. Асарға 100-ден астам қарнақтықтар белсене қатысты. Олар аумақты жинаумен шектеліп қана қоймай, қоқыс тастауға болмайтыны туралы ескерту тақтайшаларын да орнатты.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА АЯЛДАМАЛАР ЖАҢАРТЫЛАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 460 МЫҢ ТОННА ЕРТЕ КӨКТЕМГІ ӨНІМ ЖИНАУ ЖОСПАРЛАНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ТҰРАҚТЫ КӨРСЕТІЛІП ЖАТЫР

azatmedia