Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ЖАБДЫҚТАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті өз Жолдауында нашақорлық, зиянды заттардың азаматтардың, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырған болатын. Азаматтарымыздың, жастарымыздың дені сау, жаман әдеттерден аулақ болуына, қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салуға үлкен мән беріліп отыр.

Осы бағытта, Созақ ауданы, Бабата елді мекенінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс мерекесіне орай, спорт саласында аудан, облыс көлемінде өшпестей із қалдырған Рахымжан Батырбаев атындағы жабық футбол алаңы ашылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Заманауи үлгідегі кіші футболға арнап ашылған ойын алаңының құрылыс жұмыстарын ауылдың 1962 жылы туған азаматтынан бастап, 2002 жылға дейінгі жастары жұмыла көтерді.

Жасанды алаң, жабық ғимарат кез-келген мезгілде доп тебуге ыңғайлы. Футбол алаңының ашылуына аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды арнайы қатысып, өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жеткен жетістіктері мен туған жердің кешенді дамуына өлшеусіз үлес қосып, елді ізгі мақсатқа жұмылдыра білген ауыл азаматтарына аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті.

Ашылу салтанаты аясында “Туған жерге тағзым” атты концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, қол күрес пен қазақ күресінен турнир өткізілді. Жарыс жеңімпаздарына сый-сияпат пен арнайы мақтау қағаздары тапсырылды. Шараға жиналған құрметті қонақтар соғыс жылдарында ерлік көрсеткен жауынгерлердің рухына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Тарихқа құрмет көрсетілді.

Қатысты жаңалықтар

Балуан Шолақ пен Қажымұқанның кездесуі

azatmedia

Зайнутдинов ЦСКА сапына ауысты

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ «TEN QOGAM» СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ

azatmedia