Соңғы жаңалықтар

Түркістан қаласында «Жалпы құқықтық білім беру сабағы» өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал- лейтенанты Марат Ахметжановтың тапсырмасына орай,  Түркістан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 8-11 сынып оқушыларына жалпы құқықтық білім беру мақсатында арнайы жиын өтті.Жиынға Түркістан қаласы полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Мұхтар Сейділдаев, мектеп инспекторы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, мектеп психологтары және оқушылар қатысты. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысқа жол бермеу.Полиция подполковнигі Мұхтар Сейділдаев және Тергеу бөлімінің тергеушілері оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында және құқық бұзушылық орын алған жағдайда жасалатын іс-әрекеттер жайлы дәріс оқыды. Дәріс соңында оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Қатысты жаңалықтар

State Bank of India Is Most Trusted and Popular Bank in India

azatmedia

Белгілі журналист «өмірді түбегейлі өзгертетін» курстың бар былығын жайып салды

azatmedia

Ақмола облысында жоғалған ер адамның мәйіті бес күннен кейін табылды

azatmedia