Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 6250 БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

Білім күніне орай Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Төле би атындағы N19 мектепте болып, «Алғашқы қоңырау» мерекелік шарасына қатысты.
Облыс орталығында жалпы 34 мемлекеттік, 19 жекеменшік мектеп, 110 мектепке дейінгі және 7 қосымша білім беру ұйымдары оқушылар үшін есіктерін айқара ашты.
Жалпы 2022-2023 жаңа оқу жылында қала бойынша 6250 бүлдіршін бірінші сыныпқа қабылданса, 2643 оқушы 11-сыныпта оқуды бастады.
Айта кетейік, биыл Төле би атындағы №19 және М.Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектептері күрделі жөндеуден өтті. Келесі жылға өтпелі болған құрылыс жұмыстары түркістандық оқушылардың игілігі үшін мерзімінен бұрын аяқталып, пайдалануға берілді. Жаңа оқу жылында оқушылар енді жаңарған мектепте білім алуды бастады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ СҮТТІ ІРІ ҚАРА КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

azatmedia

Ринат Зайытов: «Құдай сақтап қалды»

azatmedia

Юрий Ильин Түркістан облысында әуеден барлау жұмыстарын жүргізді

azatmedia