Соңғы жаңалықтар

Ауыл шаруашылығының әлеуеті қандай?

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округі әкімі әлеуметтік экономикалық даму бойынша 2021 жылдың 10 айында  атқарылған жұмыстар есебін берді. Онда өңір басшысы ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.  

Қабланбек ауылдық округі бойынша үшжақты келісімшарттардың орындалу индикаторы жоспар 105 пайыз болып толық орындалып отыр. 1 алқаптан 2-3 өнім алу іске асыру бойынша  жоспар 50 бірлік, орындалғаны 63 бірлік болып, 126 пайызға орындалып отыр. Ауыл шаруашылығын негізгі капиталына тартылатын инвестициялар тарту жоспар 400 млн тг болса, нақты 441 млн теңге орындалды.

«Жабай ата» ӨК басшысы Төребеков Ергеш өз есебінен көлемі 6 га жерге 416 млн теңгеге жылыжай салды. 2 агроқұрылым ауылшаруашылық техникасын 25 млн теңгеге алып отыр. Жылыжай жалпы көлемі 137 га. 16 агроқұрылым өз есебінен 80 га жер көлеміне тамшылатып суғару әдісін енгізді. 2 агроқұрылым 5 га жерге көпжылдық жеміс екпелерін отырғызды. Қысқы мал азығы жоспар бойынша 7,6 мың тонна, қазіргі таңға 100 пайызға орындалып отыр.

Сұрым каналының 5,4 шақырым жерін бетонмен қаптау құрылыс жұмыстарын «Тұран су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық мекемесі жүргізіп ағымдағы жылдың сәуір айында толығымен бетондап пайдалануға берілді. Қазіргі таңда 420 га астам ауылшаруашылық жерлерге су жеткілікті көлемде үздіксіз беріліп келеді.

Қатысты жаңалықтар

Мұхамеджан Тазабек «сәләфи» дегендерге жауап берді

azatmedia

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТҚА АЙНАЛУЫМЫЗ КЕРЕК»

azatmedia

Түлкібас: Төтенше жағдай комиссиясының кезекті отырысы өтті

azatmedia