Басты жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

Қабланбекте кәсіпкерлік сала қарқын алған

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округі әкімі әлеуметтік экономикалық даму бойынша 2021 жылдың 10 айында  атқарылған жұмыстар есебінде кәсіпкерлік саладағы оң өзгерістер жайына тоқталды.

Бүгінгі таңда Қабланбек ауыл округі бойынша 130 кәсіпкерлік нысан бар. 128 кәсіпкерлік нысан кірістер басқармасына тіркелген. 2 кәсіпкерлік нысан кірістер басқармасына тіркелмеген. Атап айтар болсақ, «Мақтаарал» кафесі және «Құтты мекен» тамақтану орны. Өйткені бұл нысандар рұқсат етілмеген жерге, яғни ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге (суармалы жер) құрылыс жұмыстарын жүргізген.

2021 жылға Қабланбек ауылдық округі бойынша кәсіпкерлік саласына тартылған инвестиция ретінде «Али тәттілері» ЖК Салмурзаев Алишердің кондитерлік өнім шығаратын цехын айтуға болады. Кондитерлік цехты ұлғайту мақсатында жалпы алаңы 600 ш.м. болатын  ғимараттың құрылысы аяқталуда. Жалпы құны 150 млн теңгені құрайды. Қазіргі таңда ғимараттың құжаттары заңдастырылып жатыр.

Қабланбек ауылдық округі аумағында орналасқан тойхана, балабақша және басқа да кәсіпкерлік нысандарды қайта бағалау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нысан иелеріне кәсіпкерлік нысанды тәуелсіз бағалау компаниялары арқылы бағалау құнын жасату және бағалау актісін Сарыағаш аудандық кірістер басқармасына тапсыру керектігі жазылған хабарлама берілген. Біршама кәсіпкерлік нысан иелері өз атындағы нысандарға бағалау құнын қайта жасатып, мүлік салығын төлеп келеді.

Қатысты жаңалықтар

ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ

azatmedia

ШЫМКЕНТ ЗАНИМАЕТ 5 МЕСТО ПО ПРИЕМУ ТУРИСТОВ В РЕСПУБЛИКЕ

azatmedia

Зайырлы мемлекеттің қағидаттары

azatmedia