Соңғы жаңалықтар

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында ауқымды шаралар атқарылуда

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жемісті ауылдық округінің әкімі 2021 жылдың 9 айында және  2022 жылы атқарылатын  жұмыстарының есебінде «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайына тоқталып, кеңінен ақпарат берді.

Ауылдық округінде санитарлық тазалық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп отыр. Атап айтқанда, ауылдың санитарлық тазалық жұмыстарын қоғамдық ақылы жұмысқа тартылған азаматтар жүргізіп отыр. Ауыл тұрғындарының үйлерінен шыққан тұрмыстық қалдықтарды жинау жұмысы кестеге сәйкес жүргізілуде.

         Биылғы жылы ауылдық округі аумағында көше бойларында орналасқан бильборд, панолар жаңартылды.

Сонымен қатар «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша ауыл әкімінің ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарының, мекемелердің қатысуымен  округ аумағындағы үлкен көше бойларына, мекеме  алдарына,  көктем айларында 1200 дана көшет отырғызылып, әктелді.        

Бұдан бөлек, табиғатты таза ұстау мен қоршаған ортаны ластамауға қатысты насихат жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіліп келетінін тілге тиек ете кету керек.

Қатысты жаңалықтар

«Қалаулымның» экс-қатысушысы «көтке кіру» қасиеті бар тележүргізуші жайында жазды

azatmedia

ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҒЫМЕН АЛҒЫСҚА БӨЛЕНГЕН АБЗАЛ ЖАН

azatmedia

БӘЙДІБЕК: АШЫҚ АЛАҢДАҒЫ КИНОТЕАТР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

azatmedia