Соңғы жаңалықтар

Әкім ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар жайына тоқталды

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жемісті ауылдық округінде ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті артып келеді. Бұл туралы ауылдық округ әкімі 2021 жылдың 9 айында және  2022 жылы атқарылатын  жұмыстарының есебінде айтты.

Жемісті ауылдық округінде биыл ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемін 3 млрд 256 млн теңгеге жеткізу жоспарланған болатын. 9 ай барысында 2 млрд 442 млн теңгенің  өнімі өндіріліп, жоспар 75 пайызға орындалып отыр.

Бір алқаптан 2-3 өнім алу бойынша биылға 10 шаруа қожалық жоспарланып, 9 ай барысында 11 шаруа қожалық  2-3 өнім  алу бағытында жұмыстарын жүргізіп отыр.

2021 жылғы жылыжайлар көлемін 1 га ұлғайту жоспарланып, 9 айда 1 га жерге жылыжай салынып, жылдық жоспар 9 айда 100 пайызға толық орындалды.

 Тамшылатып суғару әдісін 80 гажерге ендіруді қамтамасыз ету бір жылға жоспарланған. Бүгінгі күнге 80,5 га жерге тамшылатып суғару әдісі орнатылып, жоспар 100 пайызға орындалып отыр. Қарқынды бау шаруашылығын дамыту бағытында  «Ынтымақ Бес арыс» ЖШС биыл 10 га жерге алма көшеттерін отырғызып өз жұмысын жүргізіп отыр.

Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша жоспар орындалды. Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бағытында жұмыстар жүргізіліп отыр.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда пара беру туралы жиналыста ашық айтыла бастады

azatmedia

Карантин талаптарын бұзған азамат 569 мың доллар айыппұл арқалады

azatmedia

В ШЫМКЕНТЕ ЖИЛИЩНЫЙ СЕРТИФИКАТ ВЫДАДУТ 500 ГРАЖДАНАМ

azatmedia