Соңғы жаңалықтар

1,1 миллиардқа салынып жатқан нысан опырылып қалды

Алматы облысы, Ұйғыр ауданында салынып жатқан спорт кешені опырылып қалды, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Шонжы ауылында салынып жатқан құрылыстың опырылып қалған суреті әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр. Оның неден құлағанын арнайы комиссия анықтайды. Спорт кешенінің құрылысы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2019 жылдың қараша айында басталған.

«2021 жылдың қаңтар айында аяқталуы керек. Нысанның құлауына байланысты арнайы комиссия келіп тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Комиссия қорытындысына сәйкес аталған олқылықтар қалпына келтіріледі», – деп хабарлады Ұйғыр ауданы әкімінің баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, жоба құрылысына 1,171 миллиард теңге бөлінген.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «ЦИТАДЕЛЬ» – ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛУДА

azatmedia

ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕРДІҢ ТӨЛЕМАҚЫСЫН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША АРҚЫЛЫ ТӨЛЕУШІЛЕР ҚАТАРЫ АРТУДА

azatmedia

Australia’s CBA to Sell Life Insurance Unit to AIA for $3.1bn

azatmedia

Пікір қалдыру