Соңғы жаңалықтар

Түркістан: Сарыағаш қаласындағы жол құрылысының қарқыны қандай?

Түркістан облысы, Сарыағаш қаласының ішкі көшелерінің жалпы ұзындығы – 176,8 шақырым. Оның ішінде 131,8 шақырымы асфальт жол болса, 28,5 шақырымы – шағал,  16,5 шақырымы – топырақ жол. Биыл қала аумағындағы негізгі көше жолдары ағымдағы жөндеуден өтті.  

2021-2022 жылдары Телемұнара және Көктөбе мөлтек аумағындағы көшелерді асфальттау және аяқ жолдар салу мақсатында, облыстық бюджеттен тиісті қаржысы бөлініп, электрондық конкурсқа салынған. Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы Телемұнара және Көктөбе мөлтек аудандарына қарасты 13 көшенің 14,2 шақырымын орташа жөндеуден өткізу мақсатында 2021 жылы облыстық бюджет есебінен 347 407 000 теңге қаржы бөлініп, жеңімпаз мердігер мекеме «Шымкентдорстрой» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп, Жеңістін 45-жылдығы, Оразалы ата, Т.Оспанов, Ақтөбе, Нұр, Қошқарбаев  көшелері асфальтталды.

Ендігі кезекте Сарыағаш қаласы Телемұнара мөлтек ауданына қарасты Қарқаралы, Ортатөбе, Тойтөбе, Зайсан, Жетіқара, Орталық, Аспара, Аққұм, Ақжайық көшелерін орташа жөндеуден өткізу жұмыстары 2022 жылға өтпелі болып қалдырылауда.

Қазіргі таңда, көше тұрғындары тарапынан бірнеше наразылықтар мен арыз-шағымдар тіркелуіне байланысты, аталған Қарқаралы, Ортатөбе, Тойтөбе, Зайсан, Жетіқара, Орталық, Аспара, Аққұм, Ақжайық көшелерін орташа жөндеуден өткізу жұмыстарын өтпелі жұмыс жоспарынан алып, ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап отыр.

«Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ тарапынан Қарқаралы, Ортатөбе, Тойтөбе, Зайсан, Жетиқара көшелерін орташа жөндеуден өткізуге арналған сметалық құжаттама құны – 83 миллион мың теңге. Орталық, Аспара, Аққұм, Ақжайық көшелерін орташа жөндеуден өткізуге арналған сметалық құжаттама құны – 52 миллион теңгені құрайды. Құрылыстың жалпы құны – 135 миллион теңге.

Сарыағаш қаласы аумағында Тасболтаев, Бостандық, Бегімкулов, Исаұлы Құрал, Көктем, Жібек жолы, Майлықожа (автостанциядан Дүйсебайұлы көшесі қиылысына дейін), М.Қалжігітов көшелерін орташа жөндеуден өткізуге жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлініп, қазіргі таңда электронды конкурс жүргізілуде.

Самал-3 мөлтек ауданы аумағына қарасты 16 көшені ағымдағы жөндеуден өткізу мақсатында 57 миллион теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда жеңімпаз мердігер «Бур-Най» ЖШС тарапынан жұмыстары жүргізілуде.

Қатысты жаңалықтар

Енді өзгелердің нөміріңізді қалай сақтап қойғанын біле аласыз

azatmedia

Тоқаев 2021 жылы рақымшылық жасалатынын мәлімдеді

azatmedia

Мамандық таңдау – маңызды мәселе

azatmedia