Соңғы жаңалықтар

ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ

Ел іші – өнер кеніші. Бүгін Ордабасы ауданында осындай тақырыппен өнер фестивалі шымылдығын түрді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған шараны аудан әкімінің орынбасары Нұржан Сүлейменов ашып, қатысушыларға аудан басшысының ізгі ниетін жеткізді. Фестивалдің алғашқы қатысушылары – Қарақұм ауыл округі. Қазылар алқасының назарына алдымен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұсынылды. Бағдарлама барысында ауылдың 30 жылда жеткен жетістіктері баяндалды. Сонымен қатар, ұмытыла бастаған «Төркіндеу» дәстүрі сахналанды. Сыбызғы, домбыра, әсем ән мен әдемі би көрермен көңіліне мереке сыйласа, жас ақындардың Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы өлеңдері арнайы көрініспен көркемделді. Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тапсырма – жоспарына сәйкес бастау алған шара 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында қорытындыланып, жеңімпаздар анықталатын болады.

Биыл Ордабасы ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай көптеген шаралар ұйымдастырылатын болады. Аудан тұрғындарының жыл соңына дейін, қолөнершілердің көрмеге қойған бұйымдарын тамалашалуға мүмкіндіктері бар.

Қатысты жаңалықтар

23,2 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

azatmedia

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Боратты» ұстады

azatmedia

Қытайлық әскери ұшақтардың басып кіргені белгілі болды

azatmedia