Соңғы жаңалықтар

Түркістан: Сарыағаш тұрғындары толықтай электр энергиясымен қамтылған

Түркістан облысы, Сарыағаш қаласы аумағында барлығы 193 шақырым электр желісі жүргізілген. Ал тұрғындардың электр энергиясымен қамту көрсеткіші – 100 пайыз.

2020 жылғы мәліметке сүйенсек, қала аумағында жалпы 258 көшенің 45 көшесінде 1201 жарықтандыру бағанасы бар. Оның ішіндегі 22 көшеде диодты жарық беретін шамдар орнатылған. Сарыағаш қаласы аумағында жалпы 193 шақырым электр желілері жүргізілген. Тұрғындардың 100% электр энергиясымен қамтамасыз етілген.

Бүгінгі таңда, СтоВаз және Дачная аумақтарындағы бірнеше көшелерді жаңа электр желілерімен қамтамасыз ету мақсатында электр желілерінің келісілген схемасы әзірленіп, «Сарыағаш ауданы Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-ға жер таңдау актісін әзірлеу үшін тиісті хатпен жолданды.

Сонымен қатар Учхоз Қапланбек аумағындағы Т.Аубакиров көшесіндегі электр желілерін жаңарту үшін, желілерге анықтау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта келісілген схемасы әзірленіп, жер таңдау актілері жасалатын болады.

2021 жылға А.Омаров, А.Шылғаубаев, Тоқаев, Асаубаев, Байбосын ата, Бостандық, Ю.Гагарин, Қалжігітов, Бөкейхан, Диханбаев, Қазыбек би, Кескент, СтоВаз, Ақжолов, Қазына, М.Шымкентбайұлы, М.Пердебеков, Мақатаев, Театральная, Тоқтаров, Майлықожа, Түркістан, Көпжасаров және Ломоносов мектебінің аумағы сияқты жалпы саны 24 көшені жарықтандыру мақсатында әзірленген 14 жобалау-сметалық құжаттамаларына бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Қатысты жаңалықтар

«Анамның ойымен келіспеймін» – Әли Оқапов Иманбектің тыңдармандарынан кешірім сұрады

azatmedia

ГАЛЫМЖАН ИЛЬЯСОВ НАЗНАЧЕН РУКОВОДИТЕЛЕМ УПРАВЛЕНИЯ

azatmedia

Енді өзгелердің нөміріңізді қалай сақтап қойғанын біле аласыз

azatmedia