Соңғы жаңалықтар

Түркістан: Тұрмысы төмен отбасылар Сарыағаш қаласы әкімдігінің басты назарында

Түркістан облысы, Сарыағаш қаласы әкімдігі тарапынан тұрмысы төмен отбасылар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне түрлі көмектер көрсетіліп келеді. Толығырақ тоқталсақ…

Соңғы мәліметтер бойынша, Сарыағаш қаласында тұрмысы төмен қиын жағдайдағы жалғызбасты, көпбалалы, мүгедек күтуші жалпы саны 22 отбасы тіркелген. 2021 жыл 8 наурыз күні мерекеге орай,  «Ардақтайық ананы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып, 50 ақ жаулықты аналарға 280 000  теңгеге мерекелік дастархан жайылып, алғыс  хаттар мен сыйлықтар берілген.

22 наурыз мерекесіне орай, «Ұлыста – ұлы іс» тақырыбында «Винтаж» дәмханасында іс-шара ұйымдастырылып, киіз үйлер тігіліп, 200 адамға дастархан жайылып, мерекелік концерттік бағдарламалар өткізілген. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі 1 азаматқа бір миллион екі жүз мың теңгеге электронды қоларба сыйға тартылған.

2021 жылы 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесінде «Ер есімі – ел есінде»  тақырыбында ҰОС ардагері Э.Ишхоновқа 2 камералы тоңазытқыш пен азық-түлік себеті сыйға тартылды. Сонымен қатар тыл ардагерлеріне де құрмет көрсетіліп, сый-сыяпаттар, азық-түліктер қоржындары сыйға тартылды.

«Bizbirgemiz» республикалық акциясы аясында Сарыағаш қаласында тұратын мүгедек күтуші 3 отбасыға «Halyk Bank» тарапынан қайырымдылық көмек көрсетілді.

1 маусым балаларды қорғау күніне орай, Сарыағаш қаласында тұратын мүгедек бала күтуші 40 отбасына демеушілердің қолдауымен Сарыағаш қаласындағы орталық саябақта ойын-аттракциондары ақысыз қызмет көрсетіп, азық-түліктер, күнделікті қажетті заттар мен балаларға ойыншықтар берілді.

2021 жылдың 5 шілдесінде жеке кәсіпкер аудандық мәслихаттың депутаты Ж.Сүлейменовтің демеушілігімен 20 тұрмысы төмен отбасына ет таратылды.

Сарыағаш қаласындағы орталық мешітте Құрбан айт мерекесі құрметіне, аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты аналарға құрбандыққа шалынған ірі қара мал, қой еттері және киім-кешектер үлестірілді.

Сарыағаш қаласы Бердібеков көшесі 13 үйде пәтерін жалдаушы Жылға ауылдық округінің тұрғыны, мүгедек бала күтуші Таутаева Ырыскүлге 29 шілде күні демеушілер тарапынан азық-түлік себеттері табысталды.

1 қазан қарттар күні мерекесінде Сарыағаш қаласындағы ҰОС ардагері мен жасы 100 асқан апаларымызға, сонымен қатар жалғызбасты зейнеткерлерге азық-түлік себеттері, сый-сияпаттар табысталды.

Қатысты жаңалықтар

РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН КƏСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ САНИТАРЛЫҚ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

azatmedia

ИНОСТРАННЫЕ ГРАЖДАНЕ, ПРИБЫВШИЕ С РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКОЙ В ШЫМКЕНТ, ВЫЛЕЧИЛИСЬ ОТ КОРОНАВИРУСНОЙ ИНФЕКЦИИ

azatmedia

«Балаларды қылқындырды» – 30 жасында жеті бала тапқан келіншек күйеуінен көрген қорлығын айтты

azatmedia